Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сыбайлас жемқорлық үшін сотталған экс-шенеунік мәжбүрлі еңбекке тартылмақ

Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару басқармасының бұрынғы басшысы Әлия Қожабаева ірі көлемде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экс-шенеунікті қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін бес жылға бас бостандығын шектеді. Оның әрекетінен келген шығын бес миллион теңгеге бағаланған.

Қожабаеваға енді өмір бойына мемлекеттік қызметте, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік компанияларда қызмет атқаруға тыйым салынды. 

“Тұрақты жұмыс орны болмаса, Қожабаеваны жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын орындарда жүз сағаттан аспайтын мәжбүрлеп еңбекке тартуға міндеттелсін”, – делінген үкiмде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өткен жылдың көктемінде Әлия Қожабаеваның ұстады. 20 мамырда астаналық департамент басшысы үйқамаққа алынды. Сот барысында оның жүргізушісін "Clean City NC" ЖШС қарамағындағы қоқыс жинау ұйымына жалған жұмысқа алғаны белгілі болды.

Айтуларынша, ер адам жалақысын көтеруді сұрап, шенеунік коммуналдық кәсіпорынның бас директоры Ахметовтен қол астындағы қызметкерге ақшаны төлеуді талап еткен. Болжам бойынша 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың мамырына дейін "Clean City NC" ЖШС жалған қызметкердің шотына 4 790 855,44 теңге аударған.

Талқылау