Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы сауда орталығында болған жанжал: Шүменовті босатып жіберген полицейлер жұмыстан шығарылды

Боксшы Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысы бар полицейлер қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

"Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Есіл ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы атқаратын қызметінен босатылды. "Есіл" ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің кезекші бөлімінің жедел кезекшісі және аға учаскелік полиция инспекторы (ППП жұмысын ұйымдастыруға жауапты) қызметтік сәйкестігі толық болмағаны туралы ескертілді.

Есіл ауданы ҚП бастығының орынбасары атқаратын қызметінен босатылды, аудандық басқарма бастығына сөгіс жарияланды", – деді ІІМ өкілдері.

Айта кетейік, 18 маусымда танымал қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы ірі сауда орталығындағы жекпе-жекке қатысып, қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан болатын. Тәртіп бұзушылар Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Алайда полицейлер екі тарапты да босатқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бала көтерген ер адамды соққыға жыққан Бейбіт Шүменов екені және Бейбіт Шүменовке халықаралық іздеу жарияланғаны туралы жазған едік.
 

Талқылау