Астанада салмағы 6 келіге жақын қыз бала дүниеге келді
Жаңадан туған нәрестеге Жаннұр деген есім берілді. Ана мен бала денсаулық жағдайлары қалыпты әрі көңіл көншірліктей болғаннан кейін үйлеріне жіберілді.
Астанадағы №3 перинаталдық орталықта салмағы 5 келі 400 грамм болатын қыз бала дүниеге келді.
«Салмағы 5 келі 400 грамм боларлық қыз бала 13 желтоқсан күні дүниеге келді. Анасы еш артық қиындықсыз босанды. Туғаннан кейінгі қалпына келу кезеңі де әдеттегідей жүрді. Қазір бала мен анасы үйлеріне жіберілді» ,- дейді перзентхана дәрігері Эльмира Алимжан.
Басқармадағылар соңғы 20 жыл ішінде осындай салмақпен дүние есігін ашқан екі қыз бала болыпты. Жаннұр үшіншісі екен.
Біріншісі 5 келі 584 грамм салмақта 2003 жылы туыпты. Ал 2014 жылы 5 келі 750 грамм салмақта тағы бір қыз бюала туған екен.
Бұдан бөлек Астанада биыл салмағы 5 келі 500 грамм ұл бала туған.
Оқи отырыңыз:
Ресей соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің туыстарын іздестіріп жатыр
Атырауда мұнай зауытында болған апаттың себебі анықталды
Тест: Сіз қаншалықты қырсықсыз?
Ақтөбеде келіні инсульт алған қайын атасын қаңғыбастар үйіне тастап кетті