Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Qazkom қызметкерінің клиент құжаттарын қоқысқа тастай салуы дауға айналды (видео)

Qazkom банкі Астанада клиенттің құжаттарын қоқысқа лақтырып тастау дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Астана тұрғыны Тимур Асылханов Фейсбук желісінде жазба мен видео жариялап, қоқыс контейнеріне тасталған құжаттар папкасын көрсетті.

“Бүгін 2016 жылдағы клиенттердің архивтік құжаттарын қалай құртатынын көрдім. Құжаттар салынған қорапша қоқыс контейнерінде жатты. Ал оның ішінде келісім-шарт, жеке куәліктің көшірмесі бар. Сұмдық. Клиенттердің жеке мәліметтерін сақтау қайда қалды сонда? Мұндай құжаттар банк архивінде сақталады не болмаса шредер арқылы өшіріледі емес пе”, – деп жазады ол.

Кейін банк бұл жағдайдың адами фактор әсерінен болғанын және ол бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Банк баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осы мәселеге орай бөлім меңгерушісі жұмыстан шығарылып, кінәлілер жауапқа тартылған.

Оқи отырыңыз:

Зайсанды қар басып қалды (видео)

Төлешовтың тоқалдары тұрған үйлер кімнің меншігіне өтті? (фото)

“Жеңгетайлықпен” айналысқан депутат Юлия Каралаш туралы не білеміз

Қазақстанда сотталғандар үшін электронды білезіктер қолданысқа енгізіледі

Талқылау