Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зайсанды қар басып қалды (видео)

Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарына сенбі-жексенбі күні айтарлықтай қалың қар түсіп, күн күрт суытты.

Желіде Шығыс Қазақстанның Зайсан тауларына қалың қар жауып аңшыларды әуреге салғаны туралы видео тарады. Аңшылардың айтуынша, қар қыркүйектің 23-інен 24-іне қараған түні жауған.

“Кеше ғана +20 градус жылы болған. Бүгін -6 градус аяз. Күні бойы қар күреудеміз. Қол тоңды!” дейді аңшылар.

Кеше Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданына да қар жауып, күн қатты суытты. Бүгін Астана қаласында да күн ызғарлы. Ауа температурасы таңертең +2 градус болды.

Видео тау ішіндегі аңшылар үйінің жанынан түсірілген.

Оқи отырыңыз:

Жамбыл облысында алаяқ әйел жүзге жуық адамның үстінен несие рәсімдеп тастаған

Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған

Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы анасының рұқсатынсыз көлікке отырғызып әкеткен

Алматыда күйеуімен ажырасқан әйел екі айдан бері балаларымен далада түнеп жүр

Талқылау