Астанада парашютпен секірген ер адам көз жұмды
Астанада парашютпен секірген 58 жастағы ер адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 31 шілдеде болған.
"Алматы ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне көпсалалы қалалық ауруханадан науқастың реанимация бөлімінде қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. 58 жастағы ер адамды жедел жәрдем бригадасы Астана-Көкшетау тасжолында орналасқан парашют клубынан алып кеткен", – дейді ведомство.
Полиция мәліметінше, қазір тергеу басталды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар жасалады.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады