Астанада криптобиржадан 7 миллиард теңге заңсыз пайда тапқан екі адам бас бостандығынан айырылды
Астананың екі тұрғыны халықаралық қаржы орталығына тіркелмей, лицензиясыз заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін сотталды. Олар криптобиржасынан заңсыз жолмен 7 миллиард теңгеден астам табыс тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay
Алаяқтар Binance платформасында екі жыл бойы заңсыз USDT-ны айырбастап, пайда тапқан.
Олар қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, біреуі үш жыл, ал екіншісі екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар олардың жеті жыл бойы цифрлық активтердің айналымына байланысты қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Апелляциялық шағымнан кейін үкім өзгеріссіз қалып, заңды күшіне енді.
Талқылау

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
Бұл алаңды “Елорда Құрылыс” компаниясы салған екен

"Жұбайының көз алдында болған": БҚО-да оқушы мен әкесін құтқарамын деп суға кеткен мұғалімнің жақыны мән-жайды айтты
Қайғылы оқиға 10 шілдеде Жайық өзенінде болған