Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қоғамшылдар туберкулезге шалдыққан науқастарды іздейтін болды

Халық арасында туберкулезге шалдыққандарды ертерек анықтау үшін Астана әкімдігі қоғамшылдарды жұмылдыруды көздейді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың пікірінше, туберкулез дертін уақытылы анықтау бойынша былтырғы көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда біршама төмендеген.

“Біз бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылуы керектігін түсінеміз, ал емханалардың қауқары туберкулез дертіне шалдыққандарды белсенді түрде іздеуге жетпейді”, — деді ол басқарманың коллегиялық кеңесі отырысында.

Туберкулез дертін анықтау өте қиын, өйткені ауруға шалдыққан жандар дәрігерге қаралуға өздері бармайды. Сол себепті үй-үйді аралап науқастарды іздеуге тура келеді.

Надыровтың айтуынша, халықаралық тәжірибеге сәйкес елордалық басқарма бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдыруға шешім қабылдады.

Оқи отырыңыз:

Елімізде бала туу жасындағы әйелдер скринингтен өтуі керек

Ақтөбеде туберкулезге шалдыққан жас мұғалім осы уақытқа дейін балаларға сабақ беріп келген

СҚО-да үш баласын жалғыз асырап отырған ер азамат құлағалы тұрған үйді паналап отыр

Алматы облысында Әділет департаментінің қызметкерлері басшылықтың былығын жайып салды

Талқылау