СҚО-да үш баласын жалғыз асырап отырған ер азамат құлағалы тұрған үйді паналап отыр

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған үш баласын жалғыз асырап отырған ер азамат құлағалы тұрған үйді паналап отыр, деп хабарлайды КТК.

Жақсылық Асқаровтың тіпті ол баспанаға заңды құжаттары да жоқ екен.  Оның мәселесін жақсы білетін Мағжан Жұмабаев ауданының шенділері заңды белден басып жалғызбасты әкені пәтер кезегіне қоя алмаймыз дейді. Қойғанның өзінде бұл отбасының қоныс тойын тойлауы екіталай. Аудан орталығында он жылдан бері  кезекте тұрғандарға бірде-бір  пәтер берілмепті.

Жақсылық Асқаров пен Алмагүл 12 жыл бірге тұрған. Келіншек 4 жыл бұрын үш баласын тастап, өзге еркектің етегін ұстап кете барыпты. Аналары кенжелерінің есінде жоқ, ал ес біліп қалған ересегінің оған  деген  өкпесі қара қазандай.

“Мен оны жек көріп қалдым. Өйткені ол мені тастағаны үшін. Ол қазір келсе мен оған  кет деуші едім”, – дейді  7-сынып оқушысы Гүлфайра Асқарова.

– Мамасыз саған қиын емес пе? Мысалы, кластастарыңның мамасы бар, қыз бала, қиын емес пе саған?

– Жоқ, қиын емес, әкем болса болды.

Отағасы қазір 25 мың теңгеге жалданып жұмыс істейді. Өзге жұмысқа шығайын десе, күнұзақ балаларға бас көз болатын ешкім жоқ. Әйелін алиментке берген екен, қағаз жүзінде есептелген ақша енді жәрдемақы алуға кедергі болып тұр. Бұл отбасының қазіргі бар мәселесі – баспана.

Асқаровтар отбасы бұл үйге 7 жыл бұрын қоныстанған екен. Балаларын мектепке беруге асыққан олар үйдің ескі құжаттарына да назар аудармай, қолхатпен ғана сатып алған. Енді апатты деп танылған баспананың құжаттарын ретке келтіруге ескі иесінің құлқы жоқ, ал жаңа иесінің ақшасы жоқ.

Сондықтан Жақсылық  жалғыз баспанасы апатты деп танылған жан ретінде де  пәтер кезегіне тұра алмайды. Ал тепсе темір үзетін азаматтың жалғызбасты әке ретінде үй алуға  мүмкіндігі  жоқ екен.

“Очередьке тұру үшін менде статус керек дейді. Жалғызбасты әкегн менің статусым жоқ. Құжаттарымды реттей алмадым”, дейді жалғызбасты әке Жақсылық Асқаров.

Жақсылықтың жағдайын аудан шендірлері жақсы біледі. Бірақ заңды белшеден басып, оны баспана кезегіне қоя алмаймыз дейді.

“Ол ешқандай категория бойынша баспана кезегіне тұра алмайды. Құжат бойынша оның мойнында ешқандай баспана жоқ.  Жалғызбасты әке деп те танылмаған. Оның жұбайы аналық құқығынан айрылмаған. Осы түйткілдерді реттеген соң ғана біз оны үй кезегіне қоя аламыз”,  дейді М.Жұмабаев аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Серік Қосанов.

Құжаттарын реттегеннің  өзінде бұл отбасының  жуық арада қоныс тойын тойлауы екіталай. Он жыл бұрын  аудандық әкімдікте түзілген баспана кезегі осы жылдары бірде-бір адамға ілгері жылжымапты.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында Әділет департаментінің қызметкерлері басшылықтың былығын жайып салды

Қолым әдемі емес екенін білем: Ауыл келінінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды (фото)

ОҚО-да салмағы 11 келі ғана болатын 10 жасар қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр

Семейде Абайдың шығармашылығын орындаған америкалықтар жұртты тамсандырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар