Қолым әдемі емес екенін білем: Ауыл келінінің жазбасы көпшіліктің назарын аударды (фото)

Ауыл келінің жазбасы жұрттың назарын аударып, көпшілікті баурап алды.

Өзін ауыл келінімін деп таныстырған келіншек ара-тұра әңгімесін жазып, желіде көз танысқа айналды. Өзінің тұрақты оқырмандары да бар. Қапалдың келіні атанған Айдана есімді келіншек әдетте шынайы өмірін, ауылдың қарапайым тіршілігін, өмірден алынған жайттарды әңгімелейді.

“Ия бұл менің қолдарым.Ия,білемін, сүйріктей емес шығар бәлкім… Қолғап киіп, аяп жұмыс істейтіндей,нәзік те әппақ емес. Қойшы, сенің қолың емес, еркектің жуан қолы дейтін де шығарсыздар. Қаладан келген қайныларыммен амандасып, қолын қысқанда ұялып кетемін. Тіптен күйеуімнің де қолы менікінен нәзік-ау.Осы қолдарыммен үйімнің жұмысын, енемнің қабағын, күйеуімнің бабын жасап ақ жүрмін.

Балаларым үшін мамық жастықтай болса, тілімді қысқартып,қолымды ұзартып,аянбай адал қызметімді атқарам. Қолдарым қалт етсе өмірден түйген әңгімелерді жазып, қарапайым өмірімнің бір бөлігін жазып,сіздермен бөлісіп, алғыстарыңызға бөленіп жүрмін Аллаға шүкір. Күн санап қосылып жатқан оқырмандарым осынау шынайылығымның арқасы болар??? Мынау кім өзі? дейтін оқырмандарға айтарым: мен жай ғана қарапайым келіншекпін. Өмірді сүріп,көпті көріп қоймасам да өз түйгенімді жазғанды ұнатам. Кереметтей сұлу емес шығармын,менің барым осы. Осылай жаратқан жаратқанға мың да бір шүкір.  Әдемі болмаса да сіз бен бізді жалғап отырған инстаграм мен қайыстай қара қолдарым аман болсын. Қоңқиып мұрным ғана қалған сияқты ма суретте?

Айдананы желідегі парақшасында “Өзім құрбан еткен махаббат””Біз бақытқа лайықпыз”, “Бақытты болғым келген”, “Әке мен тұз”, “Үйімдегі періштем” т.б. жазбалары бар. Қазіргі уақытта 16 мыңнан астам жазылушысы бар.

Тағы да оқыңыз:

Тілін кәлимаға келтірген тоты құс елді таңғалдырды (видео)

ОҚО тұрғыны: Шыңғысхан “мені бәрі монғол деп жүр, мен қазақ екенімді дәлел­дегім келеді” деп аян берді

Бес қыздан соң ұлды болған Бекболат Тілеухан ұлан-асыр той жасады (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар