Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ер адам жалған түбіртек жасап, дүкеннен киімдерді алып кеткен

Елорда тұрғыны сатушыны жалған түбіртекпен алдап, бутиктен 230 мың теңгеге киімдерді алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

киім-кешек

Байқоңыр ауданының полициясы сатушыны жалған түбіртекпен алдап, бутиктен киім-кешекті алып кеткен адамды ұстады.

Полицияның айтуынша, ер адам сауда-ойын-сауық орталықтарының біріндегі бутикке кірген. Ол бас киімнен бастап аяқ киімге дейін толық киініп, сатып алғандай түр жасаған. Ол сатушыға мобильді қосымша арқылы 230 мың теңгеден астам сомаға тауарды төленгені туралы түбіртек ұсынды. Оның түбіртекті қолдан жасағаны анықталды.  Күдікті бәрін мойындады.

ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция күдіктінің елордадағы басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтайды.

Талқылау