Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада екі жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті

Астанада екі жасар бала көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатындағы терезеден құлап, көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

терезе

Қайғылы оқиға 6 шілдеде болды. Бүлдіршіннің анасы үйде болған, бірақ кенже баласына алаңдап, үлкені қараусыз қалған.

4 шілдеде Қостанайда осындай жағдай орын алды. Бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен үш жасар қыз құлап түсті. Бұл кезде нәресте аман қалды, бірақ жарақат алып, ауруханаға түсті.

Құтқарушылар ата-аналарды мұқият болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Мамандар көп қабатты үйлердің терезелеріне қайғылы оқиғаларды болдырмауға көмектесетін арнайы қорғаныс орнатуды ұсынады.

Талқылау