Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Beeline Астанада 10G технологиясын сынап көрді

Beeline операторы пилоттық жоба

Астанада 19 тамызда фильмді 4K форматында бірнеше секундта жүктеуге және 300-500 қолданушыға жоғары жылдамдықтағы интернетті оңай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технология көрсетілді.

Қазақстандағы Beeline операторы пилоттық жобаның технологиялық серіктесі ретінде қатысып отыр. Бұл жоба Huawei Technologies Kazakhstan мен "Aстана Innovations" АҚ арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылып жатыр.

Beeline XGSPON негізіндегі 10G технологиясын алғаш рет сынақтан өткізіп жатқан жоқ. Былтыр алматылық тұрғын жаңа технологияны сынап көргендердің бірі болды.

"Цифрлық оператор ретіндегі басты бағытымыз – клиенттерге ең үздік тәжірибе ұсыну үшін озық технологиялық шешімдерді қолдану. Осы іс-шараны ұйымдастыра отыра, еліміздің цифрлық экожүйесінде жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеміз. Бұл сынақтың біздің қолданушылар үшін күнделікті өмірдің бір бөлігіне барынша тезірек айналуы үшін тырысамыз”, – деді Beeline Kazakhstan құрамына кіретін Enterprise Co компаниясының CEO-сы Рауан Қабдрахимов.

STAN.KZ
Сейсенбі, 26 Тамыз, 2025 14:30
Талқылау