Астанада баласын вокзалда жалғыз қалдырып кеткен әйел табылды
Полиция Астанадағы вокзалда қараусыз қалған балаға қатысты жаңа мәліметтерді бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: әлеуметтік желіден
Көлік полициясының мәліметінше, баланың анасы табылып, полиция бөлімшесіне жеткізілген. Полиция әйелдің бұрын психиатриялық диспансерде есепте тұрғанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланы қауіп і жағдайда тастап кету фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бала Астана әкімдігінің қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді", – делінген хабарламада.
-
Қарағандыда сәбиін аязда далаға тастап кеткен ата-ана жауапқа тартылмаған
-
Екібастұзда маскүнем ата-ана 10 жастағы ұлдарының үйден көшіп кеткенін байқамаған
Тергеу бойынша өзге мәліметтер қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді.
Еске салсақ, 8 қаңтар күні Астанадағы вокзалда қараусыз қалған бала табылғаны туралы жазған едік. Бала туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Желідегі ақпаратта баланың қалтасында "Баладан бас тартамын" деген жазуы бар хат болғаны айтылған.