Астанада 7 жасар қызды туған атасы зорлады деген күдікке ілінді
Астанада жеті жасар қызды өз атасы зорлап, қылмыс орнынан ізін суытқан. Полиция күдіктіні ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gyorplusz.hu
Ақпаратты адвокат Азамат Сағал мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір күдікті іздестіріліп жатыр.
“Жеті жасар қызды өз атасы зорлаған. Күдікті қылмыс орнынан ізін суытқан. Қазір оны полиция іздеп жатыр. Істің мән-жайын толыққанды білмеймін. Достар балаларыңызды бөтен адаммен қалдырмаңыздар”, – деді адвокат.
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Астана қалалық полиция департаментінен мән-жайды сұрап білді.
Астана қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
“Зорлық-зомбылық сипаттағы сексуалдық әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Астана қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысының полиция департаменті 35 жастағы блогерді сексуалды зорлық жасады деген күдікпен ұсталғанын мәлімдегені туралы жазған едік.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
