Ақтауда көшеде хиджабтағы бойжеткенді зорламақ болған мас ер адам ұсталды
Ақтауда масаң күйдегі ер адам түнде көшеде кетіп бара жатқан хиджабтағы қызды зорламақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Видео кадрларында оқиға 15 шағын аудандағы жағалауда болғаны айтылған.
“Мына жігіт қазақпын дейді. Хиджабтағы қызды ұрып, құлатып, зорлауға тырысып есінен тандырып жатқан кезде ұсталды”, – деген куәгерлер видеода.
Бұл туралы Ақтау қаласы полиция бөлімінің бастығы Қасанов Айдар Демегенұлы хабарлады.
“Оқиға 2:50 шамасында болған. Ішіп алған қала тұрғыны серуендеп жүрген қыз балаға тиісіп, зорлық әрекеттерді жасауға әрекеттенген. Оның бұл әрекетін өтіп бара жатқандар көріп, араша түскен. Қылмыстық іс қозғалды, күдікті тергеу сотының санкциясымен қамаққа алынды”, – делінген хабарламада.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді?
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма?
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар