Астанада 14 жастағы оқушы қызға есірткі тасымалдау ұсынылған
Астанада 14 жастағы оқушы қызға қала бойынша синтетикалық есірткі тасымалдау ұсынылған.
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
14 жастағы қыз мұндай ұсыныс жазылған хатты әлеуметтік желіде алыпты.
«Бұл бүгін болды. Қызым хатты көрсетті. Мен оны мақтап, есірткі тасымалдаудың қылмыстық жауапкершілікке тартылатын іс екенін түсіндірдім», – дейді Зинара Салихова.
Хатты жіберуші тасымалдуашының міндеті тауарды алып, жасырын жерлерге тастап, оператырға кейбір мәліметті жіберіп отыру екенін жазған.
«Жұмыс кестесі еркін. Қайда жасырғың келсе, сонда қоясың. Жалақы – 40 мың рубль (шамамен 220 мың теңге). Және одан да көп берілуі мүмкін. Жалғастырамыз ба?» – деп жазылған хатта.
«Ол қыз. Егер бұл шынайы парақшасы болса, ол Ресейден, Волгоградтан болуы мүмкін», – дейді Салихова.
Ендігі қыздың анасы қалалық ІІД-ге шағымданатынын айтып отыр.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбеде лифтіде қаза болған тележүргізушінің күйеуі адам шошырлық жайды айтып берді
Астаналық ер адамдар өз директорынан интимді суреттер үшін ақша бопсалаған
Оралда краннан «адам өмірі үшін қауіпті» су ағатыны туралы хабарлама жұртты шошытты
Үйде 30 градус ыстық: Алматылықтар пәтердегі ыстықтан жалыққанын айтып шағымдануда