Астанада үш баланың із-түзсіз жоғалған ата-анасы табылды
Полицейлер желіде айтылған мекен-жай бойынша ерлі зайыптының қайда екенін анықтады.
Полицейлердің мәліметінше, 32 жастағы Гүлхан Терлікбаева мен Исраилжан Идминовтың қайда екені іздеу нәтижесінде анықталды.
«Полиция бұл азаматтарға қатысты ақпаратты толық тексерді. Оларды іздеуге қаладан бөлек облыс полицейлері атсалысты. Ерлі зайыпты аман-сау күйінде», – дейді ІІД баспаөз қызметіндегілер.
Қазір ер мен әйел ІІД басқармасына жауап алу үшін жеткізілді.
19 сәуір күні желіде олардың жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді. 12 сәуір күні анасы қызын даму орталығына апарып, содан үйіне оралмаған. Үйінде үш баласы қараусыз қалған. Олардың үлкені 7, ортаншысы – 5, кенжесі 1 жаста.
Тағы оқыңыз:
Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты
Прокурорлар ЭКСПО-ның бұрынғы басшысы түрмеде VIP-камерада отыр дегенге қатысты жауап берді
Абай ауылында қызы бас тартқан ана үш күннен бері көшеде жатыр