Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты

Мәскеуде университеттің төртінші қабатынан құлап кеткен қыздың анасы Жанна Ахметова қазақстандықтарға үн қатты. Ол осы уақытқа дейін қызының басынан өткен оқиғаға қатысты ешқандай пікір білдірмегенін, ақша жинамағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бәрі жалған: Мәскеу университетінің 4-қабатынан құлап кеткен қыздың анасы халыққа үн қатты

Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырып, мәселенің ақ-қарасын анықтайтын күн келгенін атап өтті.

«Менің басымда қайғы. Ана ретінде қайғырып отырмын, бұл әлемге ешкімді кіргізгім келмейді. Ендеше неліктен менің әлеміме кір аяқтарыңызбен кіріп, менің ақшамды санап, маған, отбасыма, қызыма қатысты түрлі пікір жазып, кеңес беріп жатырсыздар? Пікірге қалдырған хаттарыңызды дайретке қайта жібересіздер. Соған қарағанда сіздердің пікірлеріңізді оқымайды деп ойлайтын сияқтысыздар? Мен сіздерді көріп отырмын және есімде сақтап алдым», – дейді қыздың анасы.

Томирис Байсафаның анасы қызының суреті мен оған желі қолданушылары қалдырған пікірлерді арнайылап сақтап қойғанын атап өтті.

«Сансыз пікір жазылған Томидің суретін өшірген жоқпын, тек мұрағатқа жібердім. Мына жағдайдан құтылған соң, сіздерге міндетті түрде жауап беремін. Ақшаны да өздеріңізге қалдырыңыздар. Біліп жүріңіздер, ол миллион емес – 125 мың теңге. Бірақ ол үшін алдымен 4-қабаттан құлап, ол ақшаны қайда тығу керектігін жазу керексіздер. Пікір жазғыш біртүрлі жандарға жауап беріп жүргендерге рақмет», – дейді Жанна Ахметова.

Бұдан бөлек, Ахметова қызының болашаққа деген жоспарлары таудай болғанын атап өтті. Айтуынша, Томирис ешқандай да жауапсыз махаббаттың құрбаны болмаған.

“Менің қызым Байсафа Томирис әлемдегі ең үздік университетте оқиды. Спортшы, ағылшын, неміс тілдерін меңгеріп жүрген сұлу қыз, тумысынан талғамы жоғары, аталған оқу орнының магистратурасына түсуге дайындалып жүрген студент, бітіру кешіне көйлек алып, болашаққа сан мыңдаған жоспар құрған қызым жауапсыз махаббаттан зардап шеккен жоқ. Оның бөлмесінде компьютер қосулы қалған, дипломының ¾ бөлігін жазып бітірген. Сол сәтсіз жұманың кешіне арналған жоспарлары да болған. Ол Муртузали Меджидовпен 2 жыл кездесті, екеуі группалас. Оны әрі білетін. Бұл жігіт менің қызымның артынан ұзақ жүрді», – деп атап өтті әйел.

Жанна Ахметованың сөзіне сенсек, бүгінде барлық тергеу амалдары жүргізіліп, куәгерлер түсініктеме беріп жатыр.

«Бәрін білгіш адамдар, егер болған оқиғаға кімнің жауапты екенін, әрі қарай не істеу керек, қайда бару керек, қалай өмір сүру керектігін білсеңіздер, маған жазыңыздар. 100% сап-сау отырған қызымның неге өмір мен өлім арасында жатқанын сіздер білетін боларсыздар… Неге менің достарым мына ақылға сыймайтын әңгімені жоққа шығаруға мәжбүр? Барлығы астаң-кестең, ойымның бәрі қызымда болғандықтан, үндемей келемін. Бірақ кей адамдар менің үнсіздігімді – кей фактілерді жасырып қалғысы келеді деп бағалапты. Достарыма алғысым шексіз. Барлығың үшін дұғадамын», – деп түйіндеді Жанна Ахметова.

Еске сала кетейік, ММХҚИ университетінің студенті, қазақстандық Томирис Байсафа 13 сәуір күні оқу орнының 4-қабатынан құлап кеткен болатын.

Тағы оқыңыз: 

Прокурорлар ЭКСПО-ның бұрынғы басшысы түрмеде VIP-камерада отыр дегенге қатысты жауап берді

Абай ауылында қызы бас тартқан ана үш күннен бері көшеде жатыр

Алдап тұрсыз: Қарағанды дәрігерлері ұлының емі үшін көмек сұраған ананың өзін кінәлады

18 жасында алғашқы миллионын тапқан қазақ жігіті туралы не білеміз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар