Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Астана» велошабандозы Испаниядағы жарыста бесінші орынды иеленді

Испанияда “Классика Вильяфранка-де-Ордисия” атты бір күндік веложарыс өтті. Жарыста қазақстандық шабандоз бесінші келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарыста BikeExchange-Jayco командасының британдық шабандозы Саймон Йейтс жеңіске жетіп осы команданың жаңа зеландиялық шабандозы Дион Смит екінші орынды иеленді. Үшінші болып Java Kiwi Atlántico командасынан келген испандық Ксавье Канеллас болды.

 

Бұл жарыста астаналық шабандоз Самуэле Баттистелла бесінші келді. Стефан Де Бод - 26, Винченцо Нибали - 46, Вадим Пронский - 67, Мануэле Боаро - 99, Нұрберген Нұрлыхасым - 111, Юрий Натаров - 113-ші мәреге жетті.


Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 26 Шілде, 2022 08:52
Талқылау