Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана соты баланың басынан ұрған балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды

Астана қаласы Алматы ауданының No2 аудандық соты балаларды дамыту орталығының мұғалімі К.-ға қатысты айыпты үкім шығарды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары тәрбиешіге сабақ кезінде кәмелетке толмаған Ш.-ның бағынбауы мен қыңырлығы үшін баланы жүйелі түрде ұрып-соққаны үшін айыптады. Тәрбиешіге жабылған жала толығымен дәлелденбеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот анықтағандай, К.-ның балалар мекемесінде тәрбиеші бола тұра, өз міндеттерін орындамай, 2022 жылдың 12 қаңтарында кәмелетке толмаған Ш.-ның басының тұсынан алақанымен ұрған. Алайда, Астана қалалық сотының дерегінше, мойын, кеуде, сол қол және сол қолындағы сызаттар түріндегі көгерулер сотталушы К.-ның кінәсінен болғаны туралы дәлелдемелер анықталмаған.

Сотта балалар мекемесінде болған уақытында балалардың өмірі мен денсаулығына жеке жауап беретін тәрбиеші өз міндеттерін орындамағаны, соның салдарынан бала балабақшада балалардың дене жарақатын алғаны дәлелденді. Дегенмен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, баланың оң жақ жауырын аймағында, сол жақ тізе буынында көгеру түріндегі дене жарақаттары сараптамаға 5-7 күн қалғанда яғни бала ауруына байланысты балабақшаға бармаған уақытта пайда болуы мүмкін.



Сотта прокурор мен жәбірленуші тарап соттан 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ал баланың ата-анасы да моральдық шығын мен өкілдік шығындарын өндіруді сұрады. Ал Қорғаушы тарап пен сотталушы алақанмен бір соққыдан басқа кінәсін мойындамай, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығына байланысты ақтауды сұрады.

Сот істің барлық мән-жайларын ескере отырып, жауапкердің әрекетін қайта саралады. Жаза тағайындау кезінде ол сотталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің нормаларында көзделген жауаптылықты жеңілдететін мән-жайдың болуын, соның ішінде кішкентай баласының барын және жүктілігін ескерді.

Сот тәрбиешіге 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 30 АЕК (91 890 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Сот жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап 200 000 теңгені ішінара қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Алматыдағы балабақшадалардың бірінде тәрбиеші баланы қатты жұлқылап, басынан ұрған болатын.

Талқылау