Астана перзентханасында екі босанушы әйел көз жұмды
Астанадағы №1 перинаталды орталықта екі босанушы әйел қайтыс болды. Босанушы әйелдердің перзентхана көз жұмғаны туралы ақпаратты Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады, деп жазады Stan.kz ақпарттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

“№1 перинаталды орталықта босанушы әйелдердің қайтыс болғандығы туралы ақпаратты растаймын. Өлімнің себебі және басқа да мәліметтер ресми тексеру жүргізілген соң, сараптама комиссиясының қорытындысы шыққаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», – деп мәлімдеді Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"