Астана қаласының полиция департаменті екі үйдің ақшасына кондиционер сатып алмақ
Астана полициясы екі кондиционер сатып алуға 40 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Аталмыш ақпарат мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Тапсырыс беруші – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі; атауы – кондиционер қосымша сипаттама - серверлік бөлме үшін; бір данасының бағасы – 20,089 миллион теңге; екі желдеткішке жоспарланған жалпы сома – 40,017 миллион теңге”, – делінген хабарламада.
Өтінімдерді қабылдау басталып та кетті, байқау 15 тамызда аяқталады. Сондай-ақ лоттан салқындату құрылғыларын сатып алуға арналған қаражат бюджеттік екенін білуге болады.
Талқылау