Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана Банкінің” жеке тұлғаларға депозит және шот ашу лицензиясы тоқтатылды

«Астана Банкі» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, жеке тұлғаларға банк шоттарын ашу лицензиясы тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Астана Банкінің жеке тұлғаларға депозит және шот ашу лицензиясы тоқтатылды

Осылайша, Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен, 2018 жылдың 28 мамырында «Астана Банкі» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау және оларға банктік шот ашу лицензиясы 2018 жылдың 29 тамызына дейін тоқтатылды.

«Бұл шешімді Ұлттық Банк Банктің банктік заңнама талаптарының бұзушылығына қадағалаушылық реттеу шеңберінде және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағы в) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы үшін қабылдады»,- деп түсіндірді қаржы реттеушісі.

Сонымен қатар, лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады. Бірақ, бұл Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.

2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Банк жеке тұлғаларының қабылданған
депозиттерінің көлемі 53,0 млрд. теңгені құрайды. Банктің жеке тұлғалардың депозиттік
портфелінің үлесі банк жүйесі бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің жиынтық
көлемінің 0,6%-ын құрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау