Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайында қызметкер жұмбақ жағдайда көз жұмды

Астана әуежайында жүк тиеуге арналған көліктің жүргізушісі жұмыс орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: nn-airport.kz

Қайғылы оқиға 2 қараша күні болған. 

"Әуежайдың медициналық бөлімшесіне жүк тиеуге арналған көліктің салонында жүргізушінің ес-түссіз жатқаны туралы хабарлама түсті. Дәрігерлер реанимациялық шаралардан кейін жүргізушінің көз жұмғанын болғанын растады", – делінген хабарламада.

Полицияның жедел-тергеу тобы тергеу шараларын жүргізген соң, мәйіт жедел жәрдем көлігімен Астананың сот-медициналық сараптама орталығына жіберілген.

Әуежай өкілдерінің айтуынша, жүргізуші 2023 жылдың қазан айында медициналық тексеруден өткен.

"Таңертең ауысым алдындағы міндетті медициналық тексеру болды, ешқайдай шағымы болған жоқ. Әуежай тарапынан марқұмның отбасына тиісті әлеуметтік көмек көрсетіледі", – делінген хабарламада. 

Талқылау