Астана әкімдігі марқұм Ұлдана Мырзуанның отбасына көмектеседі

Фото: Әділет Зейнелдің жеке архивінен
Астана әкімдігі қалалық жедел жәрдем фельдшері Мырзуан Ұлдана Қалдарханқызының туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала әкімдігі марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетпек.
“Жан-жақты қолдау көрсету жоспарланып отыр. Оның ішінде материалдық көмек беру және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға байланысты шығындарды өтеу бар. Сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша сақтандыру төлемі де қарастырылады”, – деп мәлімдеді әкімдік.
Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды “Ерлігі үшін” медалімен марапаттаған еді.
Астанада тұрғын үй қасбетінің құлауы: Ауыр жарақат алған фельдшер көз жұмды
Еске салсақ, бұған дейін Астанада ғимараттың сыртқы қабырғасы құлап, адамдарды құтқаруға барған жедел жәрдем фельдшері ауыр жарақат алғаны туралы жазған едік. 18 қараша күні 23 жастағы фельдшер ауруханада көз жұмды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан