Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Астана" 2025/26 жылғы еурокубок маусымында 900 мың еуро тапты

Фото: fcastana.kz

"Астана" футбол клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде швейцариялық "Лозаннадан" ұтылып, турнирдегі жолын аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қонақтағы алғашқы ойында қазақстандық команда 1:3 есебімен жеңілсе, жауап кездесуінде өз алаңында 0:2 нәтижесі тіркелді.

2025/26 маусымындағы еурокубоктағы өнері үшін "Астана" 900 мың еуро (шамамен 566,6 миллион теңге) табыс тапты. Кейін бұл қаражатқа телехабар тарату және маркетингтік құқықтардан түсетін төлемдер қосылады.

Еске салайық, "Астана" Конференция лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастап, осы сатыда молдовалық "Зимбруды" екі ойын қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңген болатын.

Бұған дейін, "Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтіп, миллиардтаған теңге табыс тапқанын хабарлаған едік. Айта кетейік, елордалықтар Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде қарымта матчта "Лозаннандан" жеңіліп қалды.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 15 Тамыз, 2025 11:10
Талқылау