Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аспаннан у шашқан" ұшақ туралы видео ақтаулықтарды шошындырды

Ақтау тұрғыны ұшып бара жатқан ұшақтан шыққан қызғылт ізді видеоға түсіріп алды. Видео авторы "ұшақтан у шашып жүр" және "адамдар осыдан ауырады" дейді. Бұл мәлімдеме негізсіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Stop Fake-ке сілтеме жасай отырып.

актау

Видеоға байланысты Маңғыстау облысының әкімдігі түсініктеме берді. Ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Самат Сулейдің айтуынша, химиялық заттар шашқан жоқ, жолаушылар ұшағының ізі екен.


"Ақтау әуежайы қаланың өзінен 20 шақырым жерде орналасқан. Дәл осы бағытта камера орналастырылған. Бұл видео күн батқан кезде түсірілген, сондықтан түс өте қызыл болып көрінеді. Бірақ бұл азаматтық ұшақтың әдеттегі ізі. Соңғы уақытта бізде авиациямен байланысты ешқандай оқу-жаттығу өткізілген жоқ", - деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы.

Ұшақтардың конденсациялық ізі - ұзақ уақыт бойы жерден айқын көрінетін ақ түсті жолақтар.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 14 Қазан, 2020 19:01
Талқылау