Асхат Тарғын бар жиғанын беріп Алматының төрінен алған сарайдай үйін көрсетті (фото)
Асхат Тарғын 17 қабатты зәулім үйдің 16 қабатында тұрады. Биіктен алған себебі бүтін Алматының әдемілігін көріп, Алатаумен жарысып тұрғанды ұнатады екен. Екі бөлмелі баспанасы 70 шаршы метр. Екі жыл бұрын доллардың курсы 185 теңге болғанда алдым дейді.
Бұл туралы әнші Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында айтып берді.
«Мен Алматыға 2014 жылы келдім. Жеті ай күндіз-түні еңбектеніп, осы үйді 82 мың долларға алдым ғой. Бұл үйді Қайрат Әділкерей досым мен жолдасы таңдап берді», – дейді әнші.
Қонақ күтетін бөлме мен ас үйіндегі жиһаздарды өзінің көмекшісі қолдан жасап берген.
Жатын бөлмедегі киім кешек шкафтары да сол досының қолынан шығыпты.
Бір қызығы, жас жұбайлар салт-дәстүрден аттамай, бөлмесіне шымылдық іліп қойыпты.
«Бізде ырым бар. Шымылдық бір жыл тұру керек. Негізі сәби дүниеге келгенше тұрғаны жөн. Атам заманнан келе жатқан дәстүр ғой енді», – дейді Асхат.
Екі жыл пердесіз тұрған бөлмелеріне су жаңа пердені келіншегі Әлия таңдапты. Оған дейін күн түспесін деп қара қағаз жабыстырып қоятын көрінеді.
«Мен бұл үйде достарыммен тұрдым. Шыны керек, перде алу ойымда болмады. Басқа жерін әйтеуір жөндеп, құрылыс жұмыстарын жүргіздік. Тек мынау перде, кілемдерді Әлияның өзі таңдады», – дейді әнші.
Әнші бар табысым отбасыма ортақ дейді. Десе де келіншегі көп ақша құртып, көпті сұрамайды. Ал Асхат тойдан түскен табысты қолына беріп отырады екен. Ең бастысы, бес жылдан бері ораза ұстап жүрген Асхат биыл ғана өз үйінде ауыз ашып, сәресін ішуге дағдыланыпты. Бұдан бұрын достарымен көшедегі мейрамханаларды жағалап жүргенін айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Бесбаев Алматыдағы сән-салтанаты жарасқан мейрамханада аузыашар берді (видео)
Танымал актриса Шәкәрімнің поэзиясын насихаттау мақсатында ұятсыз фильмге түсті (видео)