Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Садырбай қазақ қызын тоқалдыққа алғысы келген түрік әншісін сынап тастады

Белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай қазақ қызын тоқалдыққа алғысы келген Түркияның әншісін сынап тастады. Садырбай Бурайды елімізге шақырып, эфирден қайта қайта беріп жатқан телеарна басшыларына ашуланды, деп хабарлайды Stan.kz.

бурай асхат

Түркияның танымал әншісі Бурай Қазақстанға келіп, «Жыл таңдауы» концертінде еліміздің ең танымал әншілері Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлімен бірге ән айтқан болатын. Концерттен кейін отандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ол қазақ қыздарына ғашық болып қалғанын жеткізді. Өз сөзінде ол үйлі-баранды екенін, алайда қазақ қызынан тоқал алғысы келетінін жасырмады. Оның бұл сөзі көпшілікке жақпай қалды. Журналист Асхат Садырбай да Бурайдың тілегіне үнсіз қарап отыра алмады.

«Өзге елдің әншілерін елге әкеп төбемізге көтереміз, ал, олар білгендерін істейді. Онысы аздай қазақ қыздары ұнады, әдемі екен, тоқал қып аламын деп жаһанға жар салады. Ал, біздің намыссыздар, арсыздар оларды әкелуін, басты арналардан эфир берулерін тоқтатпайды. Қайта керісінше үдетеді. Шығаратын болсақ өзімізде өнерпаз жоқ па, өзімізде әнші жоқ па? Өзіміздікілерге эфирдің бір секундын қимайтын, қиса да пәлен мың сұрайтын “қамқоршылар” асын ішіп кетіп жатқан өзгелерге неге екені жұмбақ, бәрін үйіп-төгеді. Олар қай мемлекеттің мүддесіне, қай ұлттың болашағына қызмет етіп жатқандықтарын біле ме екен?» – деп жазды танымал тележүргізуші желідегі парақшасында.

Өз сөзінде журналист мұндай жағдайдың тек Қазақстанда орын алатынын жеткізді. Оның пайымдауынша, барлығына халқымыздың мінезіне тән “бостық, бейқамдық” кінәлі.

“Иә, біз көпұлтты, қонақжай xалықпыз, бірақ ешкім есіктен кіріп төр менікі демеген. Біздің бір әншіні шетелге, немесе мейлі, мынау тұрған Өзбекстан, Қырғызстанға апарып көріңізші төбесінде тайраңдатпақ түгілі, маңына да жолатпайды. Әйтпесе олар да көпұлтты, олар да қонақжай”, – деп түйіндеді сөзін ол.

Желі қолданушылары журналистің сөзін қоштай кетті. «Әр қазақтың жігіті осылай ойласа» деген тілек көп айтылды. Алайда бұл орайда да журналистің жеке өміріне қол сұққандар табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Ақботаның күйеужігіті маған айыппұл төлейді (видео)

Меруерт Түсіпбаева Алматыдағы молдалардан көңілі қалғанын айтты

Жанна Әбуова елдің сүйікті әншісінің тоқалы болып оған ұл туып бергенін мойындады

Бүркіт неліктен кезінде ұятсыз бейнебаянға түскенін айтып берді (видео)

Талқылау