Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ет жеп, виски ішіп отыр: Қостанай түрмесіндегі шенеуніктің жағдайы видеоға түсіп қалды

Сотталған шенеунік түрмеде отырып асылған ет жеп, оған виски қосып ішіп отырғандығы мәлім болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Қостанайлық түрмеге қамалған шенеуніктер түрмені өздірінің ыңғайларына қарай жабдықтап алыпты. Олардың бесбармақты асықпай жеп, оны қымбат алкоголь вискимен ұрттап,  теледидарды көріп отырғаны видеоға  түсіп қалған. Бейнежазба авторының айтуынша, бұл жағдай 161/2 колониясында болған. Түрме бөлмесінде үлкен дастархан жайылып, терезелерге, тіпті, перделер іліп қойыпты. Кейіннен, бұл түрмеде Батыс Қазақстанның спорт басқармасының төрағасы болған экс-шенеунік Мүслім Ұндағанов отыр екен. Ол 200 миллион теңгені жымқырды деген айып бойынша бас бостандығынан 12 жылға айырылған. 

Видео түсірушінің сөзінше, бұл тек мәселенің бір жартысы ғана екен. Түрме басшылығы «дәрежесі» жоғары қонақтарға абақтыда жағдай жасап бергенінен бөлек, олардың кейбір қылығына көз жұмы қарайтын көрінеді. Оқиға бойынша қостанайлық колонияда қылмыстық іс қозғалды.
 

Талқылау