Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов: Бізде 500 мың теңгеден астам жалақы алатын оқытушылар бар

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Forbes журналының Қазақстандағы баспагері Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында мұғалімдердің кірісі қалай өскенін айтты. Оның айтуынша, "жалақы айтарлықтай өсті", ал кейбір педагогтар 500 мың теңгеден көп алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Тек номиналды түрде біз осы бап бойынша кірістерді 50%-ға ұлғайттық, оған қоса түрлі үстемеақылар да бар. Әрбір магистр өз дәрежесі үшін бүгінде 29 мың теңге алады, тәлімгерлік үшін үстемақы бар, дәптерлерді тексергені үшін төлемдер екі есеге ұлғайтылды. Педагогтердің санаты үшін төлемдер ұлғайтылды. Жоғары санатты мұғалімдер үшін қосымша ақы жалақының 50%-на тең. Бізде 500 мыңнан жоғары жалақы алатын мұғалімдер бар", - деді Аймағамбетов.

Ол мұғалімдердің табысы жүктемеге байланысты екенін атап өтті: біреу аптасына 18 сағат жұмыс істейді - бұл ең төменгі жалақы, ал басқа мұғалім одан көп жұмыс істейді.

Министр білім саласындағы жалақының өсуі жалғасады деп уәде берді

"Келесі жылы жалақыны тағы 25%-ға арттырамыз. Біз педагогтардың табысы орташа республикалық деңгейде болғанын қалаймыз", - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Талқылау