Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ашаршылық пен қуғын-сүргін туралы жазылған": Астана ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне БАҚ-пен жұмыс істеу бойынша "ереже" бекітті

Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне мақалалар мен сұхбаттарды жариялау кезінде "қадағалануы тиіс" тақырыптар тізімін дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"12 тармақты қамтитын құжатта тарихшылар мен ғалымдар қақтығыс тудыруы мүмкін мемлекетаралық ақпараттардың жариялануына жол бермеуі керек. Сондай-ақ қазақ даласындағы ашаршылыққа, өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы қуғын-сүргінге және отаршылдыққа байланысты тарихи оқиғаларға баға беретін және "қалалардың атын өзгерту, мектептерде хиджаб кию сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында талқыланатын даулы тақырыптарда" сұхбат бермеуі тиіс", – деп жазылған.

Бұл ретте "жеке тұлғаларды, олардың ата-бабалары мен ұрпақтарын" қорлаудан аулақ болу және "дайындалған мақалаларды басшылықпен келісу" ұсынылған. Құжат –  ғылым комитеті Қазақстанның 20-дан астам ғылыми-зерттеу институтына жолдаған ілеспе хатқа қосымша.

Оның ішінде "мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіретін материалдардың жариялануына жол бермеу" деген жекелеген тармақ әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында сұрақ туындатты.

Олардың кейбірі "Кеңес өкіметі кезіндегідей билік цензура енгізбек пе?" десе, енді бірі сауалдарын ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке жолдағанын хабарлады. Алайда министр оның департаменті берген "ұсынымдарға" ашық түсініктеме бермеді.

Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Асылхан Бибосынов құжаттың тек индикативті және кеңестік сипатта екенін алға тартады. 

"Ешкім ешкімді ештеңеге мәжбүрлемейді, бұл ғалымдардың жұмысын үйлестіру үшін жасалып жатыр. Адамдар ғылыми дәлелденген фактілерге ғана сүйеніп, ақпаратты ойдан шығармауы үшін. Өз пікірін еркін білдіру және БАҚ-қа өз қалауы бойынша сұхбат беру құқығы Конституцияда кепілдендірілген, "бірақ біз мемлекеттік орган ретінде ұсыныс беруге де құқымыз бар", – деді ғылым комитеті төрағасының орынбасары.

Stan.kz ақпарат агенттігі 12 тармақты қамтитын құжатқа қатысты ғылым және жоғары білім министрлігіне сауал жолдады. Алайда жауап ала алмады. 

Талқылау