Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай: Адам басына қонған бақыттың тұрақты болуы мінезге байланысты

Аша Матайдың жанкүйерлері соңғы кезде әншінің жеке өміріне алаңдаулы. Кейбір деректерге сәйкес, әншінің отбасылық жағдайы жиі талқыланып жүр.

Аша Матай

"Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса - адамгершілік ұтады. Автор: Әбу Насыр Әл-Фараби p.s. Мен келісемін, ал сіз?", - деп жазды ол. 

Аша Матай да, жолдасы Арман Қоңыров та желіде бірге түскен суреттерін жарияламай кетті.  Бұны байқаған желідегі оқырманы бірден сауалдар жолдай бастады. Қос әнші де оларға жауап беруге асықпады.

Желіде екі әншінің екі жаққа кеткені де айтылды. Алайда мұны өздері растаған жоқ. 

Желідегі оқырмандары олардың әр қадамын аңдып, бағамдап отыр. 


"Арман қайда?": Аша Матай бейтаныс жігітпен көзге түсті

Бұл жолы Аша Матай көңіл-күйге, мінез бен бақыт құсы жайлы қысқаша жазып өтті. 

Күні кеше өз анасын туған күнімен құттқтап,  отбасылық суретін жариялады. 

"Нағыз қазақтың кызы, келіні, анасы қандай болу керек десе көрсетуге лайықты жансыз", "Мінезің мен ақылың, сұлулығың бәрі үйлесіп тұр Аша", "Бақытты бол Аша ұлды бол", "Кім не айтса да маған ұнайсыз", "Арман қайда, араларыңыз жақсы ма?", "Неге ол туралы жазбайтын болғансыздар?", - деді олар. 

Талқылау