AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аш, лас, шаршаған": Дана Есеева кәсіпті алғаш бастаған кездегі күйі жайлы айтты

Бүгінде бірнеше кәсіпті дөңгелетіп отырған Дана Есеева бұл салаға басқан алғашқы қадамын еске алды. Танымал блогер алғашқы декреттік демалысына шыққан соң, киім сатып бастаған. Алғашқы тауарын бала күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақыға алыпты. Сырт көзге жеңіл көрінгенімен, Есеева осы жылдар ішінде талай қиындықты бастан өткергенін айтады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Осыдан 11 жыл бұрын бала туып, босанудан кейінгі күйзелісте жүрмін деп ойлаған кезде мен өсетінімді немесе кері кететінімді түсіндім. Сонда жеке бизнесімді ашу идеясы келді", - дейді Есеева. 

Айтуынша, ол кезде күйеуі Мейіржан Төребаев продакшнда жұмыс істеп, шоу-бағдарламалар мен сериалдарға сценарий жазған. Ал жұбайының жеке ісі туралы бастамасын отағасы бірден қолдаған. Өйткені "менің жанып тұрған көздерімді көрді, бір іспен айналысуым керектігін түсінді" дейді Дананың өзі. 

Алғашқы жәрдемақысын алған Дана Қытайдың Гуанчжоу қаласынан бір-ақ шыққан. 



“Серіктес ретінде өз әпкелерімді шақырдым. Бірі - мықты бухгалтер, екіншісінің сәннен хабары бар. Ал мен тек харизма үшін. Қателіктер көп болды, себебі ақпарат жоқтың қасы. Барлығын түйсікке сүйеніп шештік.
Алдымен әпкелеріммен бірге киімді үйден саттық. Қайта тауарға ұшып, ай сайын осы қайталанып отырды. Алғашқыда өзімді құмырсқа сезінетінмін. Бір топ қытайлардың арасында арқаңа ауыр жүк салып, түсініксіз тілде сөйлеуге тырысып, аш, лас, шаршаңқы болып жүрдік. Кейде бәрін тастай салғым келетін, бірақ алда армандарым күтіп тұрды. Жолымыз ауыр болса да, сол процестен ләззат алдық", - дейді Есеева. 
Бұрындары фотограф болып жұмыс істеген вайнерлер жұбы тауарды әдемі жарнамалаудың жолын білген. Сөйтіп жүріп алғашқы дүкенін Жезқазған қаласынан ашқан. Артынан Сәтпаев, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларына жеткен. 

"Осылайша екі жылда 7 дүкен аштық. Мейіржан жеке аяқ киім дүкенін ашуды ойлап, шығармашылықтан кәсіпке кеткісі келген. Бірақ әріптестері оны тоқтатты және дұрыс істеді", - дейді Есеева.

Алға ұмтылуды тоқтатпаған кәсіпкер 2014 жылы итальяндық брендтің франшизасын сатып алған. "Қаржылай жағынан ауыр соққанымен, қызық болды", - деп еске алады Дана.  

Ең қызығы, Қазақстан бойынша бірнеше дүкен иесі болса да, Мейіржан мен Дананың жеке баспанасы болмаған. Өйткені түскен пайданы кәсіпке қайта салып отырған. 

"Ең бастысы, мен жақын арада армандарымызға жететінімізге сендім. Бүкіл еңбегіміздің еш кетпейтінін білдім", - дейді Есеева. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр