Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Сәдуақасова жайындағы сіз білмейтін 15 дерек

Тележүргізуші, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова желідегі оқырмандарының сауалдарына жауап беріп, өзі жайындағы жұрт біле бермейтін деректерді ұсынды.

14369087_343969295945432_1034049110_n

Stan.kz тілшісі Сәдуақасованың өмірі мен шығармашылығына қатысты ел білмейтін деректерді тізімдеді.

  1. 1985 жылдың 31 қаңтарында Қарағанды қаласында дүниеге келген. Актрисаның отбасы Әсел небәрі алты айлық болған кезінде Қостанай облысындағы Жітіқара қалашығына қоныс аударған екен. Ал арман қала Алматыға Әсел отбасымен бірге 15 жылдан кейін көшіп келген.
  1. Сәдуақасованың екі жоғарғы білімі бар. Өз сөзінде актриса білімін шыңдап, магистратураға түскісі келетінін айтты. Журналистика және психология мамандықтарын меңгерген Сәдуақасова актер және продюсер мамандықтарын кәсіби түрде меңгергісі келеді.
  1. Руы – найман, нағашылары – қыпшақ руынан. Әсел отбасындағы жалғыз бала.
  1. 10 жылдан бері шашына бояу тигізбеген Әсел жуық арада қысқа әрі сары түсті шашын көрсететінін тілге тиек етті.
  1. Сәдуақасова бет күтіміне кәріс косметикасын қолданады. Актрисаның кейбір иіс суларға жүрегі айниды екен. Сол себепті ол 14 жылдан бері Chanel allur иіс суын қолданады.
  1. Продюсердің бойы – 168 см, салмағы – 56 келі. Әселдің өз салмағына көңілі толмайды. Дұрыс тамақтану тәртібіне көшкен ол спортпен айналысуды да қолға алған.
  1. Сәдуақасова себепсіз опа-далапты қолданғанды ұнатпайды. Айтуынша, ел алдында жүрген әртістер онсыз да косметиканы өте көп қолданады. Актриса түсірілім алаңынан тыс бояусыз жүргенді құп көреді.
  1. «Сәннің артынан қуып жете алмайсың» дейтін Әсел киімге де аса мән бермейтінін айтты. «Мен үшін бастысы киімнің табиғи маталардан тігілуі және ыңғайлы болуы. Әдетте джинсы, кроссовки, футболка киіп жүремін. Ал түсірілімге көйлек сынды сәнді киім киюім мүмкін», – деп жазды Сәдуақасова.
  1. Сәдуақасова тағам талғамайтын болып шықты. Бастысы, тағам қатты қышқыл, тым тәтті, ащы немесе тұзды болмауы тиіс.
  1. Сәдуақасова жануарларды жақсы көреді екен. Арманы – үйсіз, қараусыз қалған жануарларға баспана тұрғызу.
  1. Сәдуақасова өмірде ештеңеге өкінбейтінін мәлімдеді. “Менен: «21 жасыңызға қайта оралсаңыз, нені өзгертер едіңіз?» – деп сұраған еді. Алғашқыда ойланып қалдым, алайда кейін ештеңе өзгерткім келмейтінін түсіндім. Жасыма жас қосылған сайын, сынақтардың бәрінен өту керек екенін, басыңа түскен қиыншылықар арқылы дұрыс жолыңды табатыныңды аңғарып келемін. Өмірімде жағымсыз оқиғалар болмаса, мен әлі де бұрыс жолмен кете барар едім”, – дейді Сәдуақасова.
  1. Әсел алғаш рет 17 жасында сахнаға шыққан. «Дауыс International» тобына дейін де талай кастингтің табалдырығын тоздырған Сәдуақасова өзіне оңай тимегенін айтты. Бүгінгі таңда Сәдуақасова өзінің сүйікті ісін тапқан продюсер. Өзінің кинотуындысын түсіруге 12 жыл дайындалғанын айтқан ол ән айтқысы келмейтінін мәлімдеді. «Мен актрисамын және продюсермін. Әзірге ән салғым келмейді. Алайда хит дүниеге келсе, кім білсін?! Бағдарлама жүргізген ұнайды», – деді Сәдуақасова.
  1. «Замуж в 30» фильмінің жалғасы шықпайды». Осылай деген Әсел жаңа, мейірімге толы туындыға сценарий іздеп жүргенін жасырмады.
  1. Продюсер қарамағында бір ғана «Дауыс International» тобының қалғанын айтты. Жақында Әселдің өзі ән салған топтың жаңа бейнебаяны жарыққа шығады екен.
  1. Актриса киноның барлық жанрында бағын сынап көргісі келеді. «Қандай голливуд жұлдызымен бірге фильмге түсер едіңіз?» деген сауалға келсек, кез-келгенімен деп жауап берер едім. Менің актриса ретінде тәжірибем көп емес. Сол себепті бәрін де көру керек, сонда ғана өз жанрыңды таба аласың», – деп түйіндеді сөзін Сәдуақасова.

Жіберіп алмаңыз: 

Әсел Сәдуақасова жұртты шулатқан тыржалаңаш суреттеріне түсініктеме берді

Мақпал Исабекова мен Әсел Сәдуақасова Испанияда демалып жатыр (фото)

Әсел Сәдуақасова: Отыздан ассам да, отырып қаламын деп қорықпаймын

Әсел Сәдуақасова жұрт алдына Әлия Назарбаева топтамасының көйлегін киіп шықты

Талқылау