Әсел Сәдуақасова: Отыздан ассам да, отырып қаламын деп қорықпаймын

Сәрсенбі, 20 Сәуір , 2016 13:24

Он үш жылдан бері отандық шоу-бизнесте түрлі қырымен танылып келе жатқан Әсел Сәдуақасова мансап жолын “Дауыс International” тобынан бастаған. Бүгінде Әсел әнші, актриса, продюсер әрі тележүргізуші. Жақын күндердің бірінде “30 жаста үйлену” атты өзі басты рөлді сомдайтын фильм жарық көрді. Актрисаның тағыдыры да фильм желісіне ұқсас. Ол Pandaland.kz тілшісіне берген сұхбатында осы күнге дейін тұрмысқа шықпай жүруінің себебін түсіндірді.

image

Актриса өмір атты ұзақ жолда көптеген қиындыққа тап болып шаршаса да, барлығына қол сілтеп кете алмағанын айтады. “Білесіз бе, бәрінен де қолда бардан бас тарту қиын екен. Менде бар бизнестен бас тартып, отбасында бақытты ғұмыр кешіп жатқан достарым бар. Түсірілімнен кейін әр актерде күйзеліс басталады. Ішінде бір өксік жұлмалап тұрғандай болады. Мен де осындай процесс жүзеге асты. Бірақ дәл қазір өзім продюсер болып жүргендіктен, түсірілімнен кейін маркетинг мәселесін, монтажды ойластырамын. Мен продюсерлікке қадам баспас бұрын, бір ай уақыт демалған болатынмын. Киноға түсуден де, коммерциялық ұсыныстардан да бас тарттым. Болашақта осы салаға қатысты білім алып, өзімді ары қарай дамытқым келеді”, – дейді Әсел.

Сәдуақасова 7 сәуір күні көрерменге жол тартып, ең көп көрілген фильм атағын иелеген “30 жаста тұрмысқа шығу” кейіпкерінің өзіне қатты ұқсайтынын айтты. “Адель” фильміндегідей сценарий актерлердің өміріндегі оқиғаларды қамтыған екен.

253c1468463699afa2093f00717a336b

“Кейіпкерім өзіме қатты ұқсайды. Бірақ маған жат мінездері де жоқ емес. Алайда оларды оңай қабылдадым. Шынайы өмірде мен ол секілді бұзықтық жасап, біреудің қолына кісен сала алмаймын”, – деп өзіне тиесілі рөлді сомдау оңайға соқпағанын айтып өтті. Ал бойжеткендердің отырып қалуын Батыс мәдениетінің елімізде етек жаюымен байланыстырды.

“Мұның барлығы елімізде белең алып келе жатқан феминизм үрдісімен байланысты болса керек. Мысалы, менің 40 жастағы әлі тұрмысқа шықпаған құрбыларым бар. Олардан әлі күнге дейін бойдақ болуының себебін сұраймын. Құрбыларым осылай жүргендерінің өздеріне ұнайтынын айтады. Десе де, нәзік жандылар қашан да отбасын құрып, бала сүюге асығуы тиіс сияқты. Жасым 31-де болса да, өзімді жас сезінемін. Кейде тіпті бала болып кетемін. Отырып қаламын деп те қорықпаймын. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Болашақта ажырасатын болсаң, тұрмысқа шығудың да қажеті жоқ қой?! Қазір көп жастар ажырасып жатыр”, – деп актриса мұндай үрдістің белең алып жатқанынан қатты қорқатынын жеткізді.

12331605_1509779505984837_1761323350_n

Мұнымен қатар, Сәдуақасова шетелдіктерге тұрмысқа шығатын қазақ қыздарының әрекетіне түсіністікпен қарай бермейтінін айтып өтті. Сүйіктісіне алданып, жүрегі жараланған бойжеткен отбасын құруға асықпайтын сыңайлы. Өзі де бар уақытын тек жобаларға арнап, олар аяқталған соң жақсылап ұйықтап алуды жөн көреді екен.


Жіберіп алмаңыз:

Әсел Сәдуақасова Санжар Мәдиевті айналдырып алды

Әсел: Қыздар арасында достық болмайтынына көзім жетті

Сәуір айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар