Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәуір айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, соншалықты талғам бар. Бірі әдеби кітаптарды сүйіп, оларды жата жастана оқыса, енді бірі ұзақ-сонар романның режиссерлер жан бітірген нұсқасын таңдайды. Фильмді үйде ғана емес, көпшілікпен қатар отырып көргенді ұнататын жандарға Stan.kz сәуір айында кинотеатрлардан көрсетілетін ең үздік фильмдер тізімін ұсынады.

2

Фото: instagram.com/asselsadvakassova/?hl=ru

“Отыз жаста тұрмысқа шығу”

Жанр: Комедия

Режиссер: Асқар Бисембин

Рөлдерде: Әсел Сәдуақасова, Санжар Мәдиев, Берік Айтжанов, Әдел Оразалинова, Жанна Қуанышева.

Қазақстан, 89 мин.

Әнел – 29 жастағы әлі тұрмысқа шықпаған Sunny банкінің қызметкері. Оның барлық өмірі үй мен жұмыс арасында өтеді. Мұнымен қатар, көршілері “Қашан тұрмысқа шығасың?” деп жиі сұрап мезі етеді. Күндердің бір күнінде әлгі қыз Дастан есімді сымбатты жігітті жолықтырады. Оны жоғалтып алмау үшін ақылға сыймайтын дүниелер жасайды. Тіпті, сырт келбеті мен өмірлік ұстанымдарын түбегейлі өзгертуге дайын. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 7 сәуірден бастап көрсетіледі.

супер той

Фото: brod.kz

“Супер Той”

Жанр: Комедия

Режиссер: Ғалым Асылов

Рөлдерде: Арыстан Әбділдаев, Элина Шакеева, Мұратжан Сәрсенбаев, Азамат Әбілдинов, Нұрлан Батыров, Динара Бак.

Қазақстан

Жүректі қарып өтер сәттері бар комедиялық фильм Сәуле мен Дамир есімді екі жастың өмірін баяндайды. Олар бірге жұмыс істейді. Бір күні Дамир Сәуленің жүкті екенін біледі. Қос ғашық той жасамасқа амалдарының жоқ екенін түсініп, аталған шараның қамына кіріседі. Достары жас жұбайларға мәңгілік есте қалатындай етіп тосын сый ұйымдастырады. Авторлардың сөзіне сенсек, осы фильм арқылы шетелдіктер нағыз қазақ тойының қалай өтетінін білетін болады. Арасында кейіпкерлердің бір-бірін мысқылдап, көрермендерді күлкіге қарқ қылатын тұстары да бар. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 21 сәуірден бастап көрсетіледі.

Селфи-гримера-с-персонажами-фильма

Фото: alau.kz

“Әруақтармен селфи”

Жанр: Триллер, фантастика

Режиссер: Дәулет Әуелбеков

Рөлдерде: Ермек Шахмет, Наргиз Рашиденова, Таир Тойқұлов, Еркебұлан Тағайбек, Кәмилә Нүсіпова, Ангелина Маковик, Абылай Ыбрайұлы.

Қазақстан, 97 минут

Маса ғылыми зерттеу жүргізіліп жатқан адамның қанын ішіп, халыққа жұқпалы ауру вирусын таратады. Басты рөлде – баласын айықпас дертінен құтқармақ болған әке. Ол баласына ем іздеймін деп әріптестерімен араздасып, ақылға сыймайтын әрекеттер жасайды. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 14 сәуірден бастап көрсетіледі.

0

Фото: gamebomb.ru

“Кловерфилд, 10”

Жанр: Фантастика

Режиссер: Дэн Трахтенберг

Рөлдерде: Мэри Элизабет Уинстэд, Джон Гудман, кіші Джон Галлахер.

АҚШ

Көлік апатына ұшыраған қыз бейтаныс жанның жертөлесінде оянады. Әлгі белгісіз қызды бөгде біреулердің химиялық шабуылынан құтқарып қалғанына сендіреді. Алайда оқиға мүлдем басқа арнаға бұрылып, шиеленіседі. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 7 сәуірден бастап көрсетіледі.

1(35)

Фото: kino-teatr.ru

“Қорап”

Жанр: Спорттық драма

Режиссер: Эдуард Бордуков

Рөлдерде: Сергей Романович, Сергей Подольный, Кирилл Дегтярь, Степан Тавризиян, Сослан Засеев, Ульви Вердиев.

Ресей

17 жастағы Костя көше футболының жанкүйері. Қолы қалт етсе, спорт алаңына  барып доп қуады. Күндердің бір күнінде Костя достарымен бірге жүріп, кавказдық футболшылар командасымен кездейсоқ жолығады. Аталған кавказдық команданың құрамында футболды мықты ойнайтын Дамир есімді жігіт болады. Орыстар мен кавказдардың арасында кикілжің туып, Костя спорт алаңын бәске тігіп, футбол жарысын өткізуді ұсынады. Жеңілген команда алаңға келмейтін болып  уәделеседі. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 7 сәуірден бастап көрсетіледі.

Les-films-les-+-attendus-de-2016-Les-Visiteurs-3-La-Révolution

Фото: kinoprosmotr.net

“Бөгдепланеталықтар 3: Бастилияны қолға түсіру”

Жанр: Комедия

Режиссер: Жан-Мари Пуаре

Рөлдерде: Кристиан Клавье, Жан Рено, Франк Дюбоск, Карин Вьяр, Сильви Тестю, Мари-Анн Шазель, Эри Абиттан, Але.

Франция

Аталған фильмнің үшінші бөлімінде граф қару асынушысымен бірге Француз көтерілісіне аттанады. Бұл Франция үшін ең қиын кезеңде болып жатқан оқиға болғанымен, көрермендерді күлкіге қарқ қылатын сәттері көп. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 7 сәуірден бастап көрсетіледі.

хордкор

Фото: kinokritik.com

“Хардкор”

Жанр: Боевик

Рөлдерде: Шарлто Копли, Данила Козловский, Хейли Беннетт, Андрей Дементьев, Сергей Шнуров, Кирилл Серебреннико.

Ресей мен АҚШ, 90мин

Фильм басты кейіпкерді әйелі белгісіз зертхананың ішінде ұйқыдан оятып жатқан жерінен басталады. Бір қызығы, Генри өткен өмірінде Эстель есімді жарымен өткізген  күндерін ғана біледі. Кенеттен жарын Акан есімді құбыжық ұрлап, соның ізіне түсуіне тура келеді. Енді Генри алдына қойған мақсатына жету үшін барлығына дайын. Уақыт өте келе Аканның өзінен басқа да дұшпандары бар екенін анықтайды. Джимми есімді азамат та бұл құбыжықтан өшін алғысы келіп жүрген екен. Ақырында жігіттер бас қосып, Генридің әйелін құтқармақ болады. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 7 сәуірден бастап көрсетіледі.

эдди

Фото: vnews.agency

“Эдди “Қыран”

Жанр: Драма

Режиссер: Декстер Флетчер

Рөлдерде: Тэрон Эджертон, Хью Джекман, Кристофер Уокен, Тим МанИннерни, Джо Хартли, Эдвин Эндре.

Ұлыбритания, Ақш, Германия, 105 мин.

Фильм Қыран деген лақап аты бар трамплинші жігіт Эдди туралы. Бір қызығы, бұл жігіт халыққа барлық сайыстан соңғы орын алып, өзінің сәтсіздіктері арқылы танылған. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 7 сәуірден бастап көрсетіледі.

белоснежка

Фото: my-hit.org

“Ақшақар мен аңшы 2”

Жанр: Фэнтези

Режиссер: Седрик Николя-Троян

Рөлдерде: Крис Хемсворт, Джессика Честейн, Эмили Блант, Шарлиз Терон, Сэм Клафлин, Шеридан Смит, Софи Куксон.

АҚШ

Сұлу бойжеткеннің махаббаттан көңілі суыған соң жүрегі мұзға айнала бастайды. Оның қатаң мінезінен қорқып, ешкім жолай алмай жүргенде аңшы ғана нар тәуекелге барып, бағын сынап көреді. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 14 сәуірден бастап көрсетіледі.

высотка

Фото: thevalue.ru

“Биіктік”

Жанр: Фантастика

Режиссер: Бен Уитли

Рөлдерде: Том Хиддлстон, Джереми Айронс, Сиенна Миллер, Люк Эванс, Элизабет Мосс, Джеймс Пьюрфой, Кили Хоуз.

Ұлыбритания, 112 мин.

Жаңа тұрғын үй кешенінде барлығы бар: супермаркет, сұлулық салоны, бассейн, мектеп. Алайда көршілердердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы әртүрлі болғандықтан, араларында түсініспеушілік орнайды. Бір-біріне деген жеккөру сезімі үдей түсіп, жеделсаты, баспалдақ, тамақ сынды дүниелерге бола ұрыса бастайды. Осы ұрыста басты рөлдегі кейіпкерлер өздерінің бойындағы жаман қасиеттерді анықтайды. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 14 сәуірден бастап көрсетіледі.

мой парень

Фото: evilground.com

“Менің жігітім – жалдап”

Жанр: боевик, мелодрама, комедия

Режиссер: Пако Кабесас

Рөлдерде: Анна Кендрик, Тим Рот, Энсон Маунт, Сэм Рокуэлл, Джеймс Рэнсон, Майкл Эклунд, Гриффин, Елена Санчес.

АҚШ, 95 минут

Кендрик үнемі жігіттермен кездесуде жолы болмайтын бойжеткеннің рөлін сомдайды. Кездестірген жігіті барлық талабына сай келіп, қатты қуанады. Алайда кездейсоқ жерден мәселелердің ұшы шығып, оның мінсіз сүйіктісінің адам өлтіруші екені анықталады. Қарым-қатынастары енді түзеле бастады деген кезде, түрлі қиындыққа тап болады. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 21 сәуірден бастап көрсетіледі.

1454935855_the-latest-poster-for-disney-s-the-jungle-book-finally-reveals-mowgli-bagheera-and-balo-7810901

Фото: kino-kingdom.com

“Джунгли кітабы”

Жанр: фэнтези, драма, отбасылық

Режиссер: Джон Фавро

Рөлдерде: Скарлет Йоханссон, Идрис Эльба, Билл Мюррей, Кристофер Уокен, Ралф Айнексон, Нил Сетхи, Ханна Тойнтон

АҚШ, 96 минут

Маугли жолбарыс Шерханның қаһарынан сескеніп, көкжалдар мекенінен кетуіне тура келеді. Пантера Багира, аю Балу, жылан Каамен алыс саяхатқа аттанып, қызықты оқиғаларды басынан өткереді. Аталған фильм отандық кинотеатрларда 7 сәуірден бастап көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетсек, кинодағы ерекше көріністердің шын мәнінде қалай түсірілетіні туралы жазған болатынбыз.

Талқылау