Асанәлі Сәркеновтың командасы WHL ширек финалдағы алғашқы ойында жеңіске жетті
Батыс хоккей лигасының (WHL) ширек финалы аясындағы алғашқы ойында "Спокан Чифс" командасы жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Stan.kz
¼ финалдың бірінші кездесуінде Вашингтон штатының командасы "Виктория Роялс" ұжымын екінші овертаймда 4:3 есебімен жеңді.
"Спокан Чифс" сапында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Асанәлі Сәркенов бұл ойында нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ.
Ағымдағы маусымда 18 жастағы форвард WHL-дің тұрақты чемпионатында 52 матч өткізіп, 27 (10+17) ұпай жинады. Плей-офф кезеңіндегі 6 ойында хоккейшінің еншісінде 5 (2+3) нәтижелі ұпай бар.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады