Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карантин жастардың ортасына түсіп жатыр: Сөз байласқан жастар мүлдем үйленуден бас тартуда

Коронавирус пандемиясының таралауына байланысты Қазақстанда да төтенше жағдай жарияланып, той-домалақтар, көпшілік жиналатын шаралар мен мәдени қойылымдарды өткізуге қатаң тыйым салынды. Той десе қу басы домалайтын кейбір қазаққа бұл тыйым әсер етпей, думанды қуанышын жасап, айыппұл төлеп жатқандары да кездесті. Ал той ұйымдастырушылардың хәлі қалай? Осы жылдың көктеміне той алып қойған олар бұл қысылтаяңнан қалай шығады? Stan.kz тілшісі елімізге танымал той ұйымдастыру орталықтарының басшыларына хабарласып мән-жайды анықтап көрді.

шоуменШымкенттік танымал асаба Фархад Балқыбекұлы президент енгізген жарлықты халық орындауы керек дейді. 

"Президентіміз халық арасында індеттің тез таралуына жол бермеу мақсатында заң қабылдаса, біз басшы айтқан міндетті орындауымыз керек. Өйткені, бұл халықтың қамы үшін жасалып жатқан дүние. Бір ғана тойдың әсерінен бүкіл халықтың арасына ауру таратуды қаламаймыз. Президентіміз дәл осы жағдайды дұрыс деп тапса, біз оны қолдауымыз керек", - деген азулы асаба той иелері мұндай өзгерісті түсіністікпен қабылдағанын жеткізді.

"Той иелеріне хабарласып, жағдайды түсіндіргенде барлығы дұрыс қабылдап жатыр. Салтанатты шараларын 2-3 айға шегеріп ауыстырды. Бір Қазақстан емес, бүкіл әлемде болып жатқан жағдай осы", - деген Фархад Балқыбекұлы той ұйымдастырушы ретінде заңға бағынбай той жасап жатқандарды кездестірмегенін, тек желіде бір-екі тойды көзі шалып қалғанын жасырмады. 

"Елімізде осындай қиын жағдай болып тұрғанда бір тойды кейінге шегерудің еш қиындығы жоқ. Мүмкіндік болғанша сақтық шараларын ұстанып, осы қиындықты бастан өткеріп алайық. Әр қиындықтың артында жақсылық тұратынын ұмытпайық", - дейді Фархад Балқыбекұлы. 

шоумен

Еліміздегі элиталы тойларды басқарып, "қымбат асаба" атанған Руслан Ысқақов карантиннің кесірін көріп отырғанын жасырмады.

"Төтенше жағдайға қатысты еліміздегі тойлардың басым бөлігі кейінге шегерілді. Мысалы, наурыз-сәуір айына жоспарланған тойлар тамыз-қыркүйек айларына ауысты. Ал той иелерінің 20-30%-ы мүлде той жасамаймыз деген шешім қабылдады. Өйткені жоспарланып қойған той болмай қалған соң, екі жақ құдалар келісе алмай қалды. Кейбірінде тойханалары кейінге шегерілген соң ол күндері бос болмай, той иелерінің көңіл-күй түсіп кетті. Той жасаймыз ба, жасамаймыз ба деген қорқыныштан бізден ақшаларын қайтаруды талап етіп жатыр. Осы жағынан біз үшін өте қиын. Ақшаларын алғаннан кейін біз оны айналымға жібереміз, бір бөлігін әншілерге үлестіреміз. Әншілердің де айналымға салатындары бар. Осындай жайттардан ақшаны қайтаруда бізде қиыншылықтар болып жатыр. Оны жасырмаймыз. Шамамен менің компаниям 15-20 миллион теңгеге шығынға батты", - дейді той-бизнесінде жүрген асаба.

"Алдағы уақытта не боларын халық білмей отыр. Карантин тоқтағанның өзінде есеңгіреген халықтың біраз уақытқа дейін есін жиып алуы қиын болады. Тіпті, той жасай ма - жасамай ма ол да белгісіз. Қазір халық шошып қорқып отыр. 20-30 адамның басын құрап, той жасаудың өзі қиын болып тұр. Қазіргі жағдай қарапайым халықты былай қойғанда әншілер үшін де қиын. Шығармашылықтары тоқтап тұр. Ән жазуға, оған сөз жазуға қазір ешкімнің зауқы жоқ. Жақсы күндерді күтуде", - дейді танымал асаба Рулан Ысқақов.

 

Дайындаған: Жанна Мәлік

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Демалыс кезінде үйінде болған": Семейда 14 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

Науқас - 2006 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны

Өскеменде кәсіпкерлер әкімдікке баса көктеп кірмекші болды

Олар рұқсаттама ала алмағандарына ызаланды

Алматыда жезөкшелердің қызметін ұсынған монша анықталды

Саунаны криминалдық полиция тапқан

Қазақстанда алғаш рет жүргізуші мас күйінде ЖКО себепкері болғаны үшін 4 жыл түрмеге қамалды

887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді

"Подъездің есігін құлыптап, тек саңылау қалдырған": Ақтау әкімдігі желіде тараған суретке түсініктеме берді

Әкімдік: "Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарап жатыр"

"Көмек емес, пайдакүнемдік": Қазақстандықтар несие мерзімін кейінге шегеру шарттарына наразы

Заң форс-мажор болса да, сыйақыны есептеуді тоқтатуға мүмкіндік бермейді

Бұрынғы күйеуі бетін пышақпен тіліп тастаған: Ақтөбелік әйел халықтан көмек сұрады

Олардың ажырасқанына екі жыл болған

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған

"Жұмыс жабылды": Ақшаға мұқтаж қазақстандықтар 42500 теңге үшін бірнеше сағат бойы кезекте тұрды

Олардың ішінде жаға жыртысып, төбелескендер де бар
Çàãðóçêà...