Пәтер ішіндегі денсаулыққа ең зиян аймақтар қандай: Маман кеңестерімен бөлісті
Дерматовенеролог Светлана Яковлева пәтердің денсаулыққа қауіп төндіретін аймақтарын атады. Айтуынша ас бөлмесі, жуынатын бөлме мен дәретханада міндетті түрде қадағалануы тиіс ережелер бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маман жуынатын бөлмеде микоз инфекцияларының көп кездесетінін ескертті. Сондықтан бұл жалаң аяқ жүруге болмайтын ең лас орындардың бірі.
"Дәлірек айтсақ, бөлменің дымқыл әрі қараңғы бұрыштары өте қауіпті. Мұндай инфекциямен байланыс онихомикоз деп те аталатын тырнақ ауруын да тудырады", - деп түсіндірді Яковлева.
Бұдан басқа маманның айтуынша ванна бөлмесінде дымқыл көк әсерінен демікпе, пневмония, дененің жалпы интоксикациясы туындауы мүмкін.
Одан бөлек дәретхана да денсаулыққа қауіпті.
"Тіпті дезинфекциялау құралдарымен мұқият жуылған дәретханаға да дененің жалаңаш жерімен отырудың қажеті жоқ. Оларда тітіркенуді тудыруы мүмкін аллергендер көп", - деп ескертті ол.
Маман ас үйде де көгеру, басқа микроорганизмдердің болатынын жеткізді. Апта сайын ауыстырылмаса және қолданғаннан кейін кептірілмесе, әсіресе губка үлкен зиян келтіреді.
"Осындай губкамен жуылған ыдыстарда бактериялар қалады. Олар ағзаға тамақ арқылы еніп, улану немесе ас қорыту жолдарында бұзылулар тудырады", - деді сарапшы.
Яковлеваның айтуынша, инфекцияның тағы бір көзі кіре беріс есік. Оның тұтқасында дезинфекциясыз микробтар жиналуы мүмкін. Мұндай жанасудан шырышты қабатқа немесе ауыз қуысына кейін ішек инфекциялары пайда болуы мүмкін.