Аружан Саинның әкесі велосипедтің қол жетегін ойлап тапты
Алматылық өнертапқыш Саин Сазанбаев велосипедтің қол жетегін ойлап тапты. Бұл құрылғы велосипедшінің күш-қуатын 30 пайызға дейін арттырып, барлық дене мүшелерін жаттықтырады. Оның құпиясы аяқпен қатар қолдың бұлшық еттерін де іске қосуда, деп хабарлады Хабар-24.
Саин Сазанбаевтың ойлап тапқан жаңалығы, бір қарағанда, скандинавиялық жүріске ұқсайды. Бірақ басты ерекшелігі, оның әдісі велосипедте қолданылады. Инженер ғалымның айтуынша, велосипедшінің аяқтары қозғалғанымен, денесінің жоғары бөлігі қимылсыз тұрады. Ал таяқтарды педальға бекітіп қойса, екі қолмен алма-кезек жұмыс істеп, аяққа қосымша күш беруге болады.
“Адам екі қолымен жұмыс істейді. Бұлшық еттері, денесінің жоғары жағы толығымен жұмыс істейді. Жаттығу адам денесін алып жатыр. Аяқтары да, қолдары да, денесі де қимылдайды”, – дейді Саин Сазанбаев.
Бұл мәселені өзге де өнертапқыштар шешуге тырысқан. Бірақ олардың құрылғылары қауіпті әрі ауыр болған. Ал Сазанбаевтың тәсілінде қолданылатын таяқшалардың салмағы 700 грамнан аспайды. Өнертапқыштың жаңалығын алғаш болып фитнес-жаттықтырушылар сынап көрді.
“Өте жақсы ойлап табылған нәрсе екен. Әлі де кішкене жетілдіру керек сияқты. Кішкене дизайнын ойлап табу керек сияқты. Себебі бізге мұнда көптеген адамдар келеді. Сондықтан да кішкене жетілдіріп жіберсе, адамдар өзінің денсаулығын түзеуге жақсы мүмкіндік алады деп ойлаймын”, – дейді фитнес-жаттықтырушы Әсем Махамбетова.
Өнертапқыш бұл жаңалығын Qazaq Biking деп атаған. Бүгінде Әділет министрлігінен 3 патент алған. Болашақта ел арасында насихаттап, өзінің жобасын коммерцияландыруды көздеп отыр.
Тағы оқыңыз:
Таразда түрме қызметкері сотталушыға есірткі сатқан
Қазақ тілінде ақпарат беруге міндетті: Сенатор Оғыз Доғанды жақтады
«7-20-25» бағдарламасы: баспана алуға қанша ақша беріледі
Үйлердің көше жақ бетін ғана сырлаған Қызылорда билігі күлкіге қалды