Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" тексеріс мерзімі өтіп кеткен құрылғыларды қолданып келген

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы тексеріс мерзімі өтіп кеткен өлшеуіш техниканы қолданып келген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

арселормиттал

Заң бұзушылық туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті мәлімдеді. 

"Жеті шахта мен орталық "Шығыс" байыту фабрикасында тексеріс мерзімі өтіп кеткен 89 бірлік өлшеу құрылғысы: манометр, клеть және скиптік көтергіштер, компрессорлік, қазандық қолданылғаны анықталды. Тексерісті облыстық прокуратура тағайындаған", – делінген хабарламада. 

Комитет дерегіне сәйкес компанияға 16,5 миллион теңге айыппұл салынды.

Талқылау