Арнайы дәрі ішемін: Мәдина Сәдуақасова жас болып көрінуінің сырын ашты
Мәдина Сәдуақасова үнемі 18-де. Орта жастан асқан әнші әлі де сымбатты, сұлу. Әнші қартаймауының, жас көрінуінің сырын ашты. Тез арықтап, тез толуының құпиясын бөлісті.
Бұл туралы TABOO бағдарламасында айтылды.
Мәдина Сәдуақасова жасы келген сайын жасарып бара жатқандай. Әнші өзін үнемі қадағалап жүретінін, диета ұстанатынын, сымбатына сақтықпен қарайтынын айтты. Осылайша сұлулығының сырын ашты.
“Мен тез толып, тез арықтайтын адаммын. Сондықтан диетамен жүремін. Арнайы биологиялық белсенді қоспаларды ішемін. Швейцариядан “Жастық эликсирін” алдырып ішемін. Менің тепе-теңдікте, жас болып жүруімнің сыры сонда шығар. Өзімнің диетам бар. Тәтті жемеймін. Тамақтың бәрін жей бермеймін. Өзімнің нәпсімді тыя аламын”, – деді әнші.
Әнші жас кезінде жұлдыз ауруымен ауырғанын мойындады. Алайда астанаға келгенде “жұлдыздығы” басылып қалғанға ұқсайды.
- Мәдина Сәдуақасова: Әкем такси болып ақша табады, ол үшін еш ұялмаймын
- Мәдина Сәдуақасова: "Сүйген жүрек" әнін бірнеше рет орындап, 21 мың доллар таптым
“Мен бала күнімнен сахнада жүрдім. “Жыл адамы” атандым. Жас болдым. Мені бәрі тани бастады. Сондықтан жұлдыз ауруымен ауырдым. Өзімді керемет сезіндім. Себебі Қызылордада тұрып жаттым. Мені бәрі таныды. 16 жасымнан 20 жасыма дейін солай болды. Кейін астанаға келдім. Студент болдым. Жұлдыздығым жел секілді ішімнен шығып кетті. Ол үлкен қала. Солай басылып қалдым. Жұлдыз ауруымен жас кезіңде ауырып алған дұрыс. Кейін оған қайта шалдықпайсың”, – деді әнші.
Сәдуақасова Қазақстандағы жас әншілердің арасында Қайрат Нұртасты, Айқынды, Райымды, Ерке Есмаханды үздік әншілер қатарында деп атады. Ал өмірде Роза Рымбаеваны ұстаз көреді.
“Роза Рымбаеваны ұстаз көремін. Ол кісі маған ұрса да алады, сын да айтады. Мен оны көтеремін. Себебі ол кісі қазақтың бренді. Оның пікірін солай қабылдауымыз керек. Жасын сыйлауымыз керек. Қандай сын айтса да, дұрыс жағынан түсінуіміз керек”, – деді Мәдина ханым.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
