"Әскерде ұжымдық иммунитет қалыптасқан": Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталды
Қазақстанда еліміздің Қарулы Күштеріне шақыру науқаны басталды. Жыл соңына дейін әскер қатарына 17 мың адамды шақыру жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24-ке сілтеме беріп.
Шақыру комиссияларын облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары басқарады. Олар шақыру комиссиясының шешімімен немесе медицина мамандарының қорытындыларымен келіспеген жағдайда азаматтардың өтініштерін қарайды.
ҚР ҚК Бас штабы басқармасының офицері Руслан Тапашев әскерде ұжымдық иммунитет қалыптасқанын айтады.
“Әрине, біз үшін жас жігіттердің екпе алғаны дұрыс, бірақ егер ол вакцинацияланбаған болса және алуға қарсы болмаса біз екпені әскери бөлімде жасай аламыз”, – дейді ол.
18 жастан 27 жасқа дейінгі жастар, кейінге қалдырылған немесе медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, Қарулы Күштерде қызмет етуге жарамды деп саналады. Екінші жыл қатарынан комиссия карантин жағдайында өтеді. Алайда Қорғаныс министрлігі ешқандай қиындықтар болмауы тиіс екенін атап өтті.
Айта кетейк, 17 мың ер азаматты шақыру жоспарланып отыр.
Еске салсақ, қазақстандық сарбаздарға Отан алдындағы борышын өтеп жүргенде жарақат алса немесе қаза болғанда қандай өтемақы тағайындалатыны айтылған еді.