Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери қызмет барысында жарақат алған сарбаздарға қандай өтемақы беріледі

Жауынгерлер әскери қызмет барыссында өмірлерін қауіп-қатерге тігетіні белгілі. Сондықтан да қазақстандық сарбаздарға Отан алдындағы борышын өтеп жүргенде жарақат алса немесе қаза болғанда өтемақы тағайындалады. 

сарбаздар

“Қарапайым жеңіл көлікті айдау адам үшін қауіп-қатерге толы. Бұл тұрғыда әскери техника мен артиллериялық қарудан келетін қауіп екі есе көбейеді. Еліміздің басқа да ведомствосында, мемлекеттік органдарында қарулы күштердегідей қару-жарақ, әскери техника мен өзге де жауынгерлік жабдықтар жоқ. Ал мұндай қауіпті техника мен қару-жарақтың барлығы әскери бөлімдерде күнде қолданылады”, – деп атап өтті қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. 

Егер әскерде төтенше жағдай орын алып, нәтижесінде жауынгер жараланса, онда мынадай бір реттік өтемақы төленеді:

  1. I топтағы мүгедек болып қалса, 250 АЕК көлемінде (2021 жылы – 729250 теңге); 
  2. II топтағы мүгедек болып қалса, 150 АЕК көлемінде (2021 жылы – 437550 теңге); 
  3. III топтағы мүгедек болып қалса, 50 АЕК көлемінде (2021 жылы – 145850 теңге);
  4. Ауыр жарақат алғандарға 12 АЕК көлемінде (2021 жылы – 35004 теңге);
  5. Жеңіл жарақат алғандарға 4 АЕК көлемінде (2021 жылы – 11668 теңге);

Әскери оқу орнының курсанттары мен әскери дайындыққа шақырылғандар да жарақат алған жағдайда өтемақы алуға құқылы. 

Келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер үшін мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақы жалақы мөлшеріне байланысты.

Әскери қызмет өткеру кезінде алған жарақатына немесе ауруына байланысты мүгедектікті белгілеу кезінде келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге мынадай өтемақы беріледі:

1) I топтағы мүгедек болып қалған жағдайда  – 36 айдың жалақысы;

2) II топтағы мүгедек болып қалған жағдайда  – 18 айдың жалақысы;

3) III топтағы мүгедек болып қалған жағдайда  – 6 айдың жалақысы.

Егер жарақат ауыр болса, дегенмен мүгедектікке әкеп соқпаса, онда келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге бір жарым айлық жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді; жеңіл жарақат - бір айлық жалақының жартысы.

"Әскери қызмет туралы" заңда көрсетілгендей, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде, алкоголь немесе есірткі қолданған кезде, қасақана өзіне-өзі зиян келтіргені және өзіне қол жұмсағаны үшін (суицидке итермелеу жағдайларын    қоспағанда) өтемақы төленбейді. 

Еске салсақ, бұған дейін дейін қызмет бабында қаза болған жағдайда қазақстандық әскери қызметшілердің отбасыларына қандай өтемақы төленетіні туралы айтылған еді. 

Талқылау