Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арманның бағасы: Құнды қағаздарға ақша салып, қалай жеке кәсіп ашуға болады 

Қазақстанда баскетболды дамыту – Әлішердің бала күнгі арманы. Алайда ол бұл арманыма әлемдік пандемия кезінде жетемін деп мүлдем ойламаған. 2020 жылдың наурыз айында Әлішер пассивті табыс көзін іздеп, жиған-терген ақшасын құнды қағаздарға инвестициялауды жөн көрген. Бұл материалда Әлішердің бала арманының қалай орындалғанын айтып береміз. 

Әлішер Ерғалиев, 30 жаста, кәсіпкер

Мен Қарағанды қаласында тудым, бірақ отбасым мен 2 жаста болғанда Алматыға көшіп келді. Кішкентай кезімде анам туған күніме баскетбол добын сыйлады. Сол сәттен бастап баскетбол тек хобби емес, одан да артық дүниеге айналды. Елімізде ойынның осы түрі кеңінен танымал болса екен деп үнемі армандайтынмын. 2020 жылдың наурыз айында, пандемия кезінде енгізілген шектеулерге байланысты хоббиімді уақытша тоқтаттым. Уақытым көбейіп, пассивті табыс көзін іздей бастадым. 

Қысқа уақытта табысқа жету үшін ақшаны қайда салған дұрыс екенін анықтау үшін алдымен кішігірім зерттеу жүргіздім. Бизнес ашу үшін ақша жеткіліксіз болды. Ендеше оны көбейту үшін ақша салуға болатын активтердің ішінен таңдау жасауым керек болды.

Қосымша табыс көзін табуға болатын активтердің ішінде таңдау көп емес: алтын, жылжымайтын мүлік, валюта, депозит немесе құнды қағаздар. Алтын мен АҚШ долларын тізімнен бірден алып тастадым. Құбылмалы болғандықтан, бұл активтерге сенім аз. Жылжымайтын мүлікке ақша салған тиімсіз деп шештім, себебі риэлторлардың есебі бойынша, ең жақсы деген жағдайдың өзінде пәтерді жалға беріп, табатын табысың теңгемен есептегенде жылына 5%-ды ғана құрайды. Сондықтан алдымда екі ғана таңдау қалды: ақшаны депозитте сақтау немесе құнды қағаздарға инвестициялау. Депозитке келсек, сақтау уақытына қарай шекті мөлшерлеме өзгеріп отырады. Әрі ол ақшаны қай валютада сақтайтыныңа байланысты. Доллардан қарағанда, теңгенің шекті мөлшерлемесі әлдеқайда артық. Кеңінен тарағаны – мерзімсіз депозит болды. Алайда жоғарыда айтқанымдай, маған тез арада табысты көбейту керек еді. Сондықтан ақшаны депозитте сақтауға дайын болмадым. Барлық артықшылықтар мен қарсылықтарды ойлап, құнды қағаздар нарығы мен оларға инвестиция жасау жағын зерттей бастадым. 

Мұның бәрін айтпағанда, айналамда инвестициямен айналысатын таныстарым көп болды. Олармен әңгімелесу барысында құнды қағаздарға ақша салу арқылы жақсы пассивті табыс табуға болатынын түсіндім. Таныстарымның бірі шетелдік және жергілікті брокерлердің айырмашылығын түсіндіріп берді. Сондай-ақ, шетелдікінен қарағанда неліктен отандық компанияларға сенім артатынын айтты. Ол келтірген аргументтер көңілге қонымды көрінді: 

1) Тіл білу – шетелдік брокерде, мәселен, АҚШ-та немесе Еуропада шот ашу үшін шет тілін жақсы білу қажет. Қандай да бір сұрақтар туындаса, түсініп, түзеп отыру үшін бұл маңызды; 

2) Кеңсенің болуы – егер де мен Ресейден шот ашатын болсам, қандай да бір мәселе немесе сұрақ туындаса, сонда баруым керек болады. Ол әсіресе, пандемия кезінде ыңғайсыз;

Жергілікті реттеушілердің іс-әрекеттің заңдылығын тексеруі – мысалы, Қазақстанда брокерлік компаниялар Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен (ҚР ҚНРДА) және Астана халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінен  (Astana Financial Services Authority/AFSA) лицензия ала алады.

Жолдасыммен болған әңгімеден кейін, лицензиясы бар брокерсіз шот аша аламын ба деген сауалдың жауабын мұқият іздей бастадым. Аша алмайды екенмін және оның өз артықшылықтары бар. Брокер банкротқа ұшыраған жағдайда, барлық қаражат Бағалы қағаздар Орталық Депозитарийінде сақталады және мен оны басқа брокерлік компанияға аудара аламын. Бұдан кейін өз ақшамды сеніп тапсыратын компания іздеп, ақырында Freedom Finance компаниясына тоқталдым. Оған бірнеше себеп бар:  

1) Компания жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келді; 

2) Қаржылық көрсеткіштер тұрақты өсімді көрсетті; 

3) Freedom Holding Corp. бас компаниясы 2019 жылдың 15 қазанынан бастап, FRHC тикерімен акция сатқан америкалық Nasdaq Capital Market (NASDAQ) биржасындағы ТМД-дағы листингі бар алғашқы қаржылық брокер болды.  

Соңғы пункттен кейін сенімім нығайды, себебі компанияның қаржылық нәтижелері мен бизнестің тазалығы бойынша америкалық реттеушінің қатаң талаптарынан өту керек. 

Аталған брокердің барлық мүмкіндіктерін саралап, шот аштым. Бұл іс онлайн форматта небәрі 5 минут уақытымды алды. Сол сәттен бастап менің инвесторлық жолым басталды. Клиенттермен жұмыс жасайтын менеджер менімен байланысқа шығып, қалауымды тыңдады. Екеуміз инвестициялаудың тиімді стратегиясын таңдадық. Инвестициялауды жаңадан бастағаныма қарамастан, барлығы түсінікті әрі жеңіл болды. Себебі жеке менеджерім үнемі WhatsApp-пен байланысқа шығып отырды. Карантиндік шектеулер алынып тасталғаннан кейін, мен Freedom Finance кеңсесінде менеджермен танысуды жөн көрдім.

Кәсіби менеджердің кеңесіне қарамастан, соңғы шешімді өзім қабылдайтынымды түсіне отырып, баскетболдағы дриблинг әдісін қолдандым. Қарапайым тілмен айтқанда, дриблинг дегеніміз – ойынның қатаң ережесін бұзбастан допты алып жүру, ойыншы шабуылдаудың ыңғайлы жолын таңдап, ақырындап шығыршыққа жақындай келе допты тастайды.

Инвестицияда осы амалды қолданып, "көгілдір фишкалардың", яғни ең тұрақты және танымал 500 алпауыт компанияның акцияларын алдым. Олардың ішінде – Apple, Microsoft, Tesla (компаниялар тізімі S&P 500) бар. Осы тізімдегі компаниялардың акциясын сатып алғаннан бөлек, мен жеке портфелімді әртараптандырып, өзге компаниялар мен инвестициялық қорлардың акцияларын алуды жөн санадым.  

Құнды қағаздарға инвестициялау ісінде кез келген спорттық ойында сияқты ең бастысы – үнемі жаттығып тұру. Los Angeles Lakers командасының бұрынғы ойыншысы Шакил О’Нилдің сөзімен айтқанда: "Кемелдік – бір жолғы әрекет емес, ол – әдет. Сен үнемі жасайтын іс". Осы себепті мен инвестицияға қатысты кітаптар оқып,  Freedom Finance арнасындағы тегін подкасттарды тыңдап және Freedom Finance компаниясының Telegram-арнасындағы жаңалықтарды оқи бастадым.

Құнды қағаздар нарығында бірнеше айғы саудадан кейін, IPO-ға (Initial Public Offering) қатысамын деп шештім. IPO инвестициялау үшін қауіпті құрал болып табылатынын айта кетейін. Қысқасы, тиімді стратегияның көмегімен, мен алғашқы сәттілік добын соқтым – құнды қағаздарға инвестиция жасап, небәрі бір жылдың ішінде 30%-дан аса пайда көрдім. 

Бала арманымды жүзеге асыруға, кәсіби стандарттарға сай келетін баскетбол корттарын ашуға болатынын түсіндім. Ойыма "Mycourt.kz" компаниясын құру идеясы келді, жиналған ақшаның бір бөлігін "Фридом Финанс Қазақстан" банкі арқылы жеңіл әрі қарапайым түрде шешіп алып, идеяны шындыққа айналдыра бастадым.    

Осы жылдың сәуір айынан бастап, біз Алматыдағы "Grand Park" және "Mega Park" сауда орталықтарының аумағынан екі корт ашып үлгердік. Біздің компанияның мақсаты – елімізде балалар мен ересектер арасында баскетболға деген қызығушылықты арттыру. Сондықтан қолжетімді бағада балаларға арналған топтық жаттығулар мен баскетболдан еркін ойындар қостық. Отандық баскетбол мен жалпы спортты дәріптеу үшін қосымша "Менің алаңым" атты youtube арнасын аштым.

Білікті жаттықтырушылар жұмыс жасайтын көптеген корттар салу жоспарымда бар. Әзірге компаниямыз шағын. Бірақ дұрыс амалдар қолданып, табысты арттырып, баскетболға қатысты әлеуметтік жобалар ұйымдастырғым келеді. Мысалы, балалар арасында тегін ойындар ұйымдастыру.  

Құнды қағаздарға инвестициялау менің пассивті табысым болып қала бермек. Құнды қағаздарға инвестиция жасау менің бала арманымның орындалуына көмектесіп қана қоймай, хоббиімді сүйікті жұмысыма айналдырды. 

Жақында әкем "Freedom Finance Global PCL" компаниясынан шот ашып, қазіргі уақытта өзінің инвестициялық портфелін құрастырды. Енді біз тек қана баскетболдың емес, Freedom Finance компаниялар тобының фанатымыз деп сенімді айтуға болады.  

Болашақта Фридом Финанс Академиясында білім алуды жоспарлап отырмын.  

Толығырақ ақпарат алу үшін өтінім беру формасын толтырыңыз:

Нарық пен құнды қағаздар бойынша жалпы сипаттама бергенімен, Компания инвестиция бойынша жекелеген кеңестер мен нұсқаулар бермейді және сіздің жеке жағдайларыңызды немесе инвестициялық мақсаттарыңызды ескермейді. Берілген кеңестер қандай да бір құнды қағаздарды сатып алу немесе сату бойынша ұсыныс болып саналмайды. Компания берген ақпараттардың, болжам мен кеңестердің негізінде құнды қағаздармен жұмыстың нәтижесінде қандай да бір шығынға ұшырасаңыз, компания жауап бермейді. Қаржы құралдарына инвестиция жасауда әрдайым қауіп бар және пайдаға кепіл бермейді. Инвестициялаудың бұрынғы нәтижелері болашақта табыс алудың кепілі бола алмайды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 21 Қазан, 2021 08:00
Талқылау