Басты жаңалықтар
"Арманыңызға қиянат жасамаңыз": Фируза Шарипова жылдам нокауттан кейін көпті жігерлендірер сөз айтты
Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова ММА-дағы үшінші мерзімінен бұрын жеңісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы қазір өзінің тамаша бабында екенін атап өткен.
“Өздеріңіз білесіздер, қазір мамыр айының соңында Тараз қаласында өтетін жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Мен өз командама және жаттықтырушылар штабына алғыс айтқым келеді. Әлхамдулиллах, бүгінгі жекпе-жек осылай аяқталды. Айтайын дегенім: арманыңызға сеніңіз, айналаңызға дұрыс адамдарды жинаңыз, өзіңізге және арманыңызға қиянат жасамаңыз. Мен қарапайым отбасынан шыққан жамбылдық қарапайым қызбын, күнде залға келіп, аянбай еңбек етемін. Сіздер де нәтижесіне қол жеткізу үшін тер төгуге дайын болыңыздар. Алға, Қазақстан!”, – деді Шарипова.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған