Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арманындағы жігітпен кездескен бойжеткен жындыханаға түсіп қалды

Лондонда 28 жастағы Сесиль Фьельхой «арманындағы жігітпен» кездесуден кейін жындыханаға жатып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

алаяқБойжеткен Ұлыбританияға университетке оқуға түсуге келген. Ол Tinder сайтында бір жігітпен танысып, оған ессіз ғашық болып қалады. Сөйтіп кездесуге келісімін береді.

Өзін «Армандағы жігіт», «Алмаз ханзада» деп атаған жігіт қызды кездесу күні өзінің жеке ұшағымен Болгарияға апарады. Ол жақта екеуі керемет уақыт өткізген. Алайда, жігіт өзінің шұғыл ісі бар екенін айтып, кетіп қалады. Одан кейін олар бір-бірімен хат алмасып тұрған. 

Бір айдан кейін жігіт қызға өзінің дұшпандары көп екенін және олар аңдып жүрегенін айтып, өзі мен күзетшісінің жолына ақша таба алмай жатқанын жазады. Сөйтіп одан карта ашып беруін сұраған. Қарызын 54 күнде қайтарып беретінін айтып, 224 мың доллар ақша алады.

Біраз күннен кейін бойжеткен «Армандағы жігітті» полиция іздестіріп жатқанын және оның алаяқ екенін біледі. Мұны естігеннен кейін Сесиль өз-өзіне келе алмай қалады. Дәрігерлерге тексеріліп, бірнеше емдік курстарын алады. Ал алаяқ жігітті көп кешікпей полиция ұстаған. 

Талқылау