Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арманымды орындадым": Күйеуімен ажырасқан әйел 61 жасында тұңғышын босанды

Бразилияның Лондрина қаласында 61 жастағы әйел экстракорпоральді ұрықтандырудың (ЭКО) көмегімен тұңғышын дүниеге әкелді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ана Мария Понтело Морейра кесір тілігінің көмегімен Ян есімді ұлын өмірге әкелді. Жаңа туған  нәрестенің салмағы 3,4 келі болған. 

«Менің оқиғам адамдарға шабыт береді деп үміттенемін. Егде жастағы әйелдердің кейбірі сәбилі болғысы келетінін, алайда қорқатынын білемін. Мен өз арманымды орындадым», - дейді кейуана.

Морейра 2014 жылы күйеуімен ажырасып кеткен. Ол күйеуімен ажырасқанға дейін бала асырап алу үшін кезекте тұрғанын айтады.

«Күйеуім болмағандықтан, жасанды ұрықтандыру процедурасын жасатуды ұйғардым. Жүктілігім жақсы өтті. Тек омыртқамның ауырғаны болмаса. Алайда ортопед мен физиотерапевтен ем алып, сонымен қатар пилатеспен айналыстым», - дейді жас босанған әйел.

ЭКО кезінде әйелдің талдау нәтижелеріне сәйкес келген донорлық аналық жасуша мен аталық ұрық қолданылыпты. 

«Ем-дом кезінде гормондарды қабылдауыма туралы келді. Емге аз ақша кеткен жоқ. Сондай-ақ маған сенбегендер де болды. Бірақ қазір мен өте бақыттымын», - дейді ол.


Ана туралы қазақша 5 үздік өлең

STAN.KZ
Дүйсенбі, 04 Қараша, 2019 11:29
Талқылау